• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:27:09
Алматы
+35°

23 Қараша, 2017 Аймақтар

Мемлекетткеттік қызметкерлер жемқорлық тәуекелге талдау жасады

Жоспардан тыс көшпелі тексерулердің мүмкін бұзушылықтар туралы нақты дәлелдер болған жағдайда ғана жүргізілетінін баса айтылды.

Шығыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы агенттігінің ШҚО бойынша Департаментімен бірлесе отырып, бақылау-қадағалау саласындағы жемқорлық тәуекеліне талдау жасауды талқылады, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл кездесуге ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің, пост-кедендік бақылау  басқармасының, ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің өкілдері, ШҚО ТЖД, ШҚО бойыншаЭкология Департаментінің қызметкерлері қатысты. Жиналған мемлекеттік қызметкерлер бар жемқорлық тәуекелі мен оны азайтудың амалдарын талқылады.

ШҚО бойынша мемекеттік кірістер Департаментінің пост-кедендік бақылау басқармасы көшпелі кедендік тексеру бөлімінің  басшысы Жанна Қасенжарованың сөзінше, бүгінгі таңда көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде жемқорлық тәуекелдің бары анықталған.

Дегенмен мемлекет барлық қажет шараларды қабылдауда. Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қадағалаушы органдардың рөлі жазалаушы емес, қолданыстағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етуші және кәсіпкерлікпен айналысатын адамдарға көмектесуші ретінде көрсетеді, - дейді Жанна Қасенжарова.

Сонымен қатар, ол жоспардан тыс көшпелі тексерулердің мүмкін бұзушылықтар туралы нақты дәлелдер болған жағдайда ғана жүргізілетінін баса айтты. Қандай да бір бұзушылық анықталса, ол адам бірден әкімшілік жауапкершілік тартылмай, 30 жұмыс күнінің ішінде өз бетімен бұзушылықты жоюға уақыт беріледі екен.

«ШҚО Азаматтық Альянсы» ЗТБ төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Олег Чернышов тәуекелді азайту үшін мемлекеттік қызметкерлерді ішкі талда жүргізуге шақырды: «Өткен жылы ішкі талдау жүргізген басқармаларды мысалға алуға болады. Олар осы уақыт аралағынд қандай нәтижеге келді? Олар қазір жемқорлыққа қарсы мәдениет құруда. Бұл жа өз ғана емес, олар мұны барлық салада қоолдануда. Ішкі талдау жүргізіңіздер, онда сіздердің клиенттеріңіз өзара серіктестікке ұмтылып, сіздергнім артатын болады».

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір