• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:22:30
Алматы
+35°

14 Қараша, 2017 Аймақтар

«Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру» онлайн семинары өтеді

«Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асыру жолдары» республикалық онлайн семинары өтеді.

2017 жылы 15 қарашада сағат  9.30-да Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде «Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асыру жолдары» республикалық онлайн семинары өтеді,- деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылдың 15 қарашасында  «Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды  іске асыру жолдары» республикалық онлайн семинар-тренингін өткізеді.

Семинар-тренингтің  мақсаты – Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау жолдарын онлайн режимі арқылы жүзеге асыру, озық тәжірибені   зерделеу және қорыту, оқытудың қазіргі заманғы нысандарын, әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу;

Семинар-тренингке  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, Мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының мамандары, ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері, аймақ ғалымдары мен тіл мамандары.      

Семинар-тренинг барысында әдіскер-ғалымдар онлайн режимі арқылы мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс тәсілдерімен бөліседі. Тілдерді оқыту орталықтары мен республикаға белгілі  үздік әдіскерлер шеберлік сабақтары мен онлайн сабақтарын көрсетеді.

Байланыс телефондары: 8(7172) 740877, 408367, 87470311632

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір