• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:44:00
Алматы
+35°

21 Қазан, 2017 Аймақтар

Медеу ауданы әкімдігі қалалық сенбілікте ағаш отырғызды

Ержан Жұматұлы биылғы жылы бюджеттен 1,8 миллиард теңге бөліп, 120 ауланы күрделі жөндеуден өткізгендігі жайында да айтып өтті

Алматы қаласында Медеу ауданында қалалық сенбілікте аудан әкімі мен бірнеше белгілі тұлғалармен ағаш отырғызды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Медеу ауданы

Бүгін Алматыда қала бойынша өтіп жатқан сенбілікте барлық аудан әкімдіктер ұжымы мен көптеген ұйымдар, жеке кәсіпорындар қаланы тазарту мақсатында сенбілікке шығуда. Осыған орай Медеу ауданы әкімдігі қаланың жоғарғы жағында ағаш отырғызу жұмыстарын ұйымдастырып, оған бірнеше белгілі тұлғалар, еріктілер, сонымен қатар БАҚ өкілдері жұмыла атсалысты.

Бүгінгі ағаш отырғызу жұмыстарын бірауыздан келісіп, атсалысқан тұлғаларды Медеу ауданы әкімі Ержан Жұматұлы Жылқыбаев өзі бастап келді. Аталмыш шараға, сонымен қатар, Ғабит Мүсірепов атындағы жастар театрының басшысы Сәбит Әбдіхалықов, аталмыш театр өнерпазы, актер Жомарт Зейнәбіл, елімізге белгілі жүргізуші Айдын Шалқар әне өзге де тұлғалар қатысты.

Медеу ауданы

Медеу ауданы әкімі Ержан Жұматұлы мұндай жұмыстардың қар түскенше әлі жалғасын табатындығын айтып өтті.

«Бүгін қала бойынша сенбілік өтіп жатыр. Біздің аудан бойынша бүгінгі сенбілікке 15 мыңға жуық адам шықты. Оның ішінде аудандағы барлық мемлекет қызметкерлері, аудан халқының көпшілігі және де студенттер қатысып, жүзден астам техника жұмылдырылды.

Біз тек қана сенбілік жасап қоймай, ағаш отырғызу жұмыстарымен де айналысып жатырмыз. Бүгін 50 түп ағаш ектік.

Бекембай өзені жағалауындағы саябақты биыл бюджеттен қаржы бөліп, жөндеу жұмыстарын жасадық. Айта кетер болсақ, Бекембай өзенінің айналасының барлығы былтыр су қатты көтеріліп, соның салдарынан жүргіншілер жолы шайылып, оны жауып тастаған болатын. Биылғы жылы соны қолға алып, қажетті қаражатты бөліп, жөндеуден өткіздік. Бүгінде өзен жағасында ағаш отырғызып, қаланы көгалдандыруға барынша атсалысып жатырмыз.

Бұдан бөлек бүгін ауданымыздағы барлық саябақта, жалпы аудан бойынша сенбілік өтіп, ағаш отырғызылып жатыр. Аудан халқы белсенділік танытып, әркім шамасы келгенше барынша атсалысып жатыр», - дейді аудан әкімі.

Сонымен қатар, Ержан Жұматұлы биылғы жылы бюджеттен 1,8 миллиард теңге бөліп, 120 ауланы күрделі жөндеуден өткізгендігі жайында да айтып өтті.

«Биыл жөндеуден өткен аулалардағы жұмыстар бітуге таяп қалды. Қала тазалығы үшін бұл іске халықты да жұмылдырып жатырмыз. Бүгін, міне, мен аралап келдім, 120 ауланың барлығында да сенбілік өтіп жатыр. Ағаштарды ақтау, қоқыстардан, жапырақтардан тазарту, ағаш отырғызу жұмыстары қарқынды түрде жүруде.

Айта кетейік, бұл дегеніміз тек бір рет қана жасалатын акция емес, ауданымызда апта сайын сенбілік жасалынады. Мұның басты себебі – біз қыс мезгіліне дейін, қар түскенше бүкіл өзен, көлдерді, саябақтарды, аулаларды қоқыстардан, жапырақтардан тазартып алуымыз қажет», - деп түйді Ержан Жұматұлы.

Медеу ауданы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір