• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:12:05
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2018 Саясат

Мәжіліс қарауына сайлау туралы заңнама енгізілді

Заң жобасы екі кодекс және үш заңға түзетулер енгізуді көздейді.

ҚР Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасы бойынша жұмысты бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заң жобасы ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес әзірленген. Құжат сайлау заңнамасын жаңа институттарды енгізу, құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды жою арқылы жетілдіруге бағытталған. Заң жобасын әзірлеудің мақсаты - іргелі сайлау қағидаттарын сақтауды одан әрі қамтамасыз ету. Конституциялық заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар барынша ашық әрі демократиялық сайлау процесін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға дайын», - деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар, аталған Мәжіліске «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да енгізілді. Бұл құжат  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу турал» ҚР Конституциялық заңының жобасына ілеспе болып табылады.

Заң жобасы екі кодекс және үш заңға түзетулер енгізуді көздейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір