• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:40:35
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2018 Саясат

«Нұр Отан» партиясы Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын айрықша бақылауға алатын болды. Тіпті осы істе олқылық жіберген шенеуніктер дер кезінде анықталады. Бұл туралы бүгін Бес әлеуметтік бастаманың жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында Мәулен Әшімбаев айтты.

«Қоғамдық кеңес Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша партияның мұрындық болуымен құрылып отыр. Кеңестің жұмысына ерекше мән беріліп отыр. Біз Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруда немқұрайдылық танытқан кез келген шенеунікті дер кезінде анықтаймыз. Қажет болса «Нұр Отан» партиясы ондай шенеуніктерді жауапқа тарту мәселесін де көтеретін болады. Біз ешкімге Елбасы бастамаларын сөзбұйдалыққа салып, кешеулетуге жол бермейміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының айтуынша, Қоғамдық кеңес аталған жұмыс бойынша ақпараттарды түрлі дерек көздерінен алып отырады. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар және қарапайым халықпен тығыз жұмыс істеу арқылы Кеңес Елбасы бастамаларының орындалу барысын қатаң бақылап отырмақ. Осы ретте халық қажетті ақпараттарды қоғамдық қабылдау бөлмесі, партияның веб-сайтындағы арнайы «5bastama» айдары немесе жедел желі арқылы хабарласып бере алатынын атап өткен жөн.

Айта кетейік, бүгін Астанада Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылып, оның алғашқы отырысы өтті. Кеңес құрамына еліміздегі жетекші саяси партиялардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар және сарапшы мамандар мүше болды. Кеңес төрағасы болып белгілі мемлекет қайраткері, Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов тағайындалды.

Жиын барысында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жетекшілері сөз алып, Бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асырудағы бүгінгі ахуал және бағдарламаның орындалуын бақылау жөніндегі арнайы мониторингтік топ құру жайында айтып берді.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір