• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:07:14
Алматы
+35°

05 Шілде, 2018 Саясат

Мәулен Әшімбаев: Бұдан былай партия санға емес, сапаға басымдық береді

Астана – ата-бабаларымыздың ақиқатқа айналған армандарының жарқын көрінісі

Бүгін Астана күні қарсаңында дәстүрге айналған партия қатарына қабылдау рәсімінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев осылай деді.

Оның айтуынша, бұл жұмыстар Елбасының тапсырмасы бойынша қолға алынған партияның кадрлық әлеуетін арттыру мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Біз бәріміз жұдырықтай жұмылып Елбасының сенімді тірегі және жаңғыру процестеріне белсенді қатысатын стратегиялық күш болып қалыптасуымыз керек. Бұл – партиямыздың қазіргі кезеңдегі басты миссиясы. Сол үшін санға емес, сапаға басымды беріледі. Ол жұмыс тиімділігін арттыруға және партия Төрағасы тапсырған міндеттерді табысты орындауға да септігін тигізетін маңызды қадам, – деді Мәулен Әшімбаев.

Осыған орай бүгін келешегінен мол үміт күттіретін жас ғалымдар, кәсібін дөңгелетіп отырған іскер азаматтар, ІТ-технология мен цифрландыру ісінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген білікті мамандар және өз саласында биік белестерді бағындырған басқа да қоғам белсенділері партия мүшесі атанды.

Мерей Қартов

Жаңа нұротандықтарға партиялық билеттерін өз қолымен тапсырған Мәулен Әшімбаев Саяси кеңес отырысында Елбасы партия қызметін жаңғыртуға бағытталған әдіс-тәсілдер мен жаңа жобаларды мақұлдап, оларды жүзеге асыру үшін нақты тапсырмалар бергеніне назар аударды. Сондай-ақ партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтар алдағы уақытта сол бастамаларды жүзеге асыруға елеулі үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары барша іс-шараға қатысушыларды Астана күнімен құттықтап, биыл бұл мерекенің мәні де, маңызы да бұрынғыдан өзгеше екенін айтты.

– Биыл халқымыздың мақтанышына айналған арман қаламыз Астананың негізі қаланғанына 20 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында елордамыз шағын ғана облыс орталығынан бүкіл әлем мойындаған ХХІ ғасырдың әсем де сұлу шаһарына айналды. Астана – ата-бабаларымыздың ақиқатқа айналған армандарының жарқын көрінісі, тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктеріміздің айқын символы және Қазақ елінің Мәңгілік ел болып қалыптасуының мызғымас нышаны. Осы жетістіктеріміздің барлығы Елбасымыздың ерен еңбегі мен сындарлы саясатының жемісі. Елбасы Астананы салу арқылы Отанымыздың абыройын асқақтатып, елімізді әлемнің ең беделді мемлекеттерінің қатарына қосты, – деді Мәулен Әшімбаев.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір