• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 05:01:42
Алматы
+35°

01 Желтоқсан, 2017 Саясат

Мәскеудегі Елшілік музейінде ардагерлер қонақта болды

Қазақстанның жаңа мүмкіндігін көрсететін және де үлкен бағаға ие керемет жоба.

Тұңғыш Президент күніне орай Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Мәскеудегі қазақстандық ардагерлермен кездесу өтті. Олар жаңа ғимараттағы музейдің ашылуына қатысты. Шақырылған қонақтардың қатарында - Мәскеулік қазақстандық ардагерлер кеңіесінің мүшелері, бұрыңғы партия және мелекет қайраткерлері, сонымен қатар әр жылдары елде Елбасымен бірге қызмет еткен азаматтар. 

Музейді көрген ардагерлер 25 жылдық Қазақстан мен Ресей достық қарым-қатынасының нәтижесінде түзелген тарихи деректермен етене танысуға мүмкіндік алды. Атап айтсақ, көпшіліктің назарына қағазға қатталған екі елдің құнды құжаттары ұсынылды. Сондай-ақ тәуелсіз мемлекетімізге тиесілі екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты айғақтайтын және маңыздылығын көрсететін құжаттар мен жеке топтамадан алынған кітаптар, сыйлықтар және де басқа  заттар тарихи музейден орын тапты.

Мәскеу елшілігіндегі музей

"Осындай музейдің Елшіліктің ғимаратында ашылуы ерекше әрі есте қаларлық, құптарлық шешім, -дейді РАЕН Академиясының Вице-Президенті Анатолий Спицын. - Қазақстанның жаңа мүмкіндігін көрсететін және де үлкен бағаға ие керемет жоба. Барлығы бүге-шегесіне дейін ойластырылған. Мұнда Қазақстан халқын да, елдің дамуын да, сондай-ақ елбасының тынымсыз еңбегін, оның сыртқы саяси бастамаларын және рухани, мәдени ұлттық жаңғыруға ерекше мән берген қызметін байқауға болады. Әрине, мұндай музейдің Тұңғыш Президент күніне орай ашылуы тегін емес".

Сонымен қоса ол, ресейлік беделді ғалымдардың айтқан сөздерін арқау етіп, сол кезде дұрыс таңдалған экономикалық бағдар Қазақстанның гүлденуіне жеткізгенін айтады. ""Өркендеу" сөзін бұрыңғы кеңес елдері арасында сирек кездестіресің, - дейді Анатолий Спицын. – Себебі 26 жыл бойы халқының өсіп-өнуіне жүйелі жұмыс жасалды".

Ал Мәскеулік ардагерлер Кеңесінің төрағасы Валерий Темірбаев, Тұңғыш Президент күні Сергей Есениннің сөзін еске ала отырып, өлең жолдарымен алған әсерін жеткізуге тырысты: " Бетпе бет келгенде әр нәрсенің жүзін көрмейсің. Ауқымды іс тек алшақтан көрінер". Оның айтпағы, ширак ғасыр өткен соң ғана жасалған еңбектің құндылығын бағалай бастайсың.  

"Шындығын айтайын, біз бұрынырақта айтқан көптеген сөздеріне кұмәнмен қарайтынбыз,-деді Валерий Темірбаев. -Алайда уақыт өте келе,  жаңа Астананы, халықаралық істердегі жетістіктерді, әсіресе Қазақстан мен Ресей арасындағы жақсы қарым-қатынасты көрген соң жасалған еңбекті бағалайсың, пікірің басқаша қалыптасады".

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір