• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:51:10
Алматы
+35°

09 Желтоқсан, 2017 NEWS

Мәсімов терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Астана қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Астана қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Консультациялық-кеңесші органның жұмысына Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары Ә.Қ. Әбдімомынов, Бас прокурор Ж.Қ. Асанов, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдері қатысты.

Каспий теңізінің құрлық қайраңы шегінде орналасқан объектілерге қатысты террористік қауіп-қатерлерге ден қоюға мемлекеттік органдардың әзірлігі мәселелері талқыланды.

Терроризмге қарсы орталықтың басшысы ТҚО-ның 2017 жылғы жұмысын қорытындылады және келесі жылға арналған бірінші кезектегі міндеттерді белгіледі.

ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір