• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:18:55
Алматы
+35°

06 Маусым, 2018 Денсаулық

Марқұмдардың туыстарына қаржылай көмек көрсетілмейді — Елжан Біртанов

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясына қарсы вакцина бағасын арзандату бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингиттен қорғану үшін медициналық маскаларды күн сайын тағып жүрудің қажеттілігі жоқ дейді.  Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Конференцияда министр миненгитке байланысты мәлімдеме жасады.

—  Дәріханаларда аурудан сақтану үшін медициналық масканың, дәрі дәрмектің бағасы артқаны рас. Оған министрлік жауап бермейді. Себебі, жекеменшік дәріханалар бағаны өздері қояды. Алдағы уақытта Елбасының бұйрығымен бағаны  бірізділікке түсіру жолға қойылады, -  деді министр. 

— Медициналық маскалардың тиімділіген келер болсақ, ауру ауа арқылы беріледі. Масканы көпшілік жерде тағып жүрген дұрыс.  Ал оны күні бойы тағып жүрудің қажеттілігі жоқ, керісінше таза ауада маскасыз жүрген пайдалы, - деді министр Біртанов. 

Сонымен қатар, министр қайтыс болғандардың туыстарына қаржылай көмек көрсету қолға алынбағанын айтты.

Конференция барысында министр  менингитке байланысты сұрақтарға жауап беретін Call Center іске қосылғанын айтты

Бұған қоса, ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясына қарсы вакцина бағасын арзандату бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, кеше Талдықорғанда 17 жастағы студент жігіт менингитен көз жұмды

Кеше Астанада менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен жансақтау бөліміне екі жастағы бала жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан тұрғындарына кеңес берді. 

Айгерім Таубай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір