• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:46:25
Алматы
+35°

20 Қаңтар, 2018 IT

Mark Zuckerberg: Келесі аптада біз сенімді ақпарат көздерімен жұмыс істеуді бастаймыз

Бізді ойландырған ең қиын сұрақ – ол әлемде қандай ақпарат көздері сенімді екендігін ажырату.

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы әрі CEO-сы Марк Цукербург биыл екінші рет Facebook саясатына қатысты мәлімдеме жасады деп жазады Qamshy.kz

Ол мәлімдемесінде «Басты назарды 2018 жылға салуды жалғастырып, Facebook-тегі уақыттың бәріміз үшін жақсы өтуіне жағдай жасау» мәселесін көтерген.

«Өткен аптада отбасы мен достар арасындағы мәнді әлеуметтік қарым-қатынасты, яғни пассивті тұтынуға жағдай жасау үшін жасалынатын ірі өзгерістер туралы мәлімдеме жасаған болатынмын. Нәтижесінде, сіздер Facebook-тен брендтердің жарнамасын, жаңалықтар мен видео жазбаларды қамтитын қоғамдық контентті сирек көретін боласыздар. Бұл өзгерістерден кейін, біз лентадағы жаңалықтарды 4% шамасында, яғни бүгінгі 5%-дан азаяды деп күтудеміз. Бұл айтарлықтай, үлкен өзгеріс, алайда жаңалықтардың болуы әрқашан пікірталас тудырып, адамдардың маңызды тақырыптарда ой қозғауына септігін тигізетіні ұмытпау керек», - деп қуантады Facebook тұтынушыларын Цукербург.

«Бүгінгі жазбамда мен сіздермен екінші маңызды өзгеріс туралы хабардар еткім келеді. Сіздер қараған жаңалықтар аз, бірақ жоғары сапалы болуын қамтамасыз ету. Мен өнім жасайтын топқа сенімді, ақпараттық және жергілікті жаңалықтар жазатын бұқаралық ақпарат құралдарына басымдылық беруді тапсырдым. Келесі аптада біз сенімді ақпарат көздерінен жұмыс атқаруды бастаймыз.

Бүгінгі таңда әлемде сенсация, жалған ақпарат пен поляризация қаптап кетті. Әлеуметтік желі ақпарат таратудың ең тез жолы екенін ескерсек, одан туындаған мәселелерді қазірден бастап алдын алуымыз керек. Себебі, соңында ол тым күшейіп кетуі мүмкін. Сондықтан, жаңалықтар тізімі ортақ көзқарас қалыптастыратын тек жоғары сапалы ақпараттардан құралуы керек.

Бізді ойландырған ең қиын сұрақ – ол әлемде қандай ақпарат көздері сенімді екендігін ажырату. Бұл шешімді біз тобымызбен қабылдай салушы едік, алайда оған көңіліміз толмайды. Сол себепті, өз ішімізден емес, сырттағы сарапшылардан қол ұшын сұрап, объективті шешім қабылдауын немесе қолданушылардың пікірін сұрауды ойладық.
Соңында біз қоғамнан қай ақпарат көздері сенімдірек екендігін сұрауды ең дұрыс шешім деп таптық.

Оның негізінде біз сауалнама жасап, ақпарат көздерінің тізімін ұсынып, оларды білетіндіктерін және қаншалықты сенімді екендігін айқындаймыз. Осы қадамның барлығы желі қолданушыларына жақын адамдарымен тиімді қарым-қатынас орнатуға және жоғары сапалы, сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуге септігін тигізеді деген үміттемін», - деп аяқталған екінші мәлімдеме.

Цукербург Facebook-тің саясатын 2018 жылы неліктен өзгертетіні туралы бір апта бұрын жазған мәлімедесін блогер Nurlan Janai  қазақшалаған болатын.

«2018 жылғы біздің басты бағыттарымыздың бірі – Facebook-ке кеткен уақытымыз тиімді жұмсалғанына көз жеткізу. Біз Facebook-ты адамдармен әрдайым байланыста және біз үшін маңызды жандармен жақын болуға көмектесу үшін жасадық. Сондықтан біз әрқашан достарымыз бен отбасымызды жобаның негізі санаймыз. Зерттеулерге сүйенсек, қарым-қатынасты нығайту біздің жағдайымыздың жақсарып, көңіл-күйіміздің көтерілуіне алып келеді.

Дегенмен соңғы уақытта біздің қауымдастықтан алған фидбек (реакция, байланыс) бойынша, әлеуметтік контент, атап айтар болсақ, бизнес, бренд және медиа парақшалардың жазбалары бір-бірімізбен көбірек араласуға септігін тигізетін жеке өмірлік оқиғаларды ығыстырып шығарған.

Қалай бұндай жағдайға түскеніміз түсінікті шығар, соңғы екі жылда видео мен басқа да әлеуметтік материалдар Facebook-ты кернеп кетті. Лентада достар мен отбасымыздың жазбаларына қарағанда әлеуметтік материалдар көбеюі Фейсбуктың негізгі міндеті саналатын бір-бірімізбен араласу функциясы арасындағы контент балансын бұзып жіберді.

Біздің сервистер тек қана ойын-cауық үшін ғана емес, адамдардың әл-ауқатын жақсартуға қызмет етуі үшін де жауаптымыз. Сондықтан біз бұл үрдісті академиялық зерттеулерге сүйеніп, университеттердегі жетекші сарапшылармен өз зерттеулерімізді жасай отырып, мұқият зерттедік.

Зерттеулер нәтижесінде, біз әлеуметтік медианы жақын жандармен байланысу үшін қолдансақ, ол біздің игілігіміз үшін қызмет етеді екен. Біздің көбірек байланыста, ал азырақ жалғыздықта қалуымыз бақыт пен денсаулықтың негізгі көрсеткіштеріне тікелей байланысты. Басқа қырынан алсақ, мақалаларды жай ғана оқып, видеоларды көре салу - олар қанша жерден қызықты болса да, одан пайда болмауы мүмкін.

Осыған сүйене отырып, біз Facebook-ты қалай дамытуға байланысты үлкен өзгерістер енгіземіз. Жобаны жетілдірумен айналысатын командамның мақсатын өзгертіп, әлеуметтік мәнді қатынасты күшейтуші материал табу бағытына баса назар аударуды тапсырдым.

Бұл бағытта өзгерістерді өткен жылы енгізе бастадық, бірақ ол үшін барлық өнімдерімізге өзгеріс жасау аз уақытты талап етпейді. Сіз көретін алғашқы өзгерістер достарыңыз, отбасыңыз бен топтарыңыздан көбірек материал көру үшін Жаңалықтар лентасынан басталады.

Лентаны айналдырғанда, бизнес, бренд және медиа сияқты әлеуметтік материалдарды азырақ көресіз. Оның өзінде сізге көрінетін әлеуметтік контент адамдар арасындағы мәнді қарым-қатынас жасау стандартына сүйенеді.

Мысалға, ТВ шоулары мен спорт командаларына тығыз байланысы бар қауымдастықтар өте көп. Біз адамдардың жай видео байланысқа қарағанда, лайв видеоларда көбірек қарым-қатынас жасауының куәсі болдық. Кейбір жаңалықтар өзекті мәселелер туралы талқылауға мүмкіндік береді. Дегенмен бүгінде жиі видео қарау, жаңалық оқу және парақшаны жаңарту жай ғана пассив тәжірибе болып тұр.

Ашығын айтатын болсам, бұл өзгерістерден соң, адамдардың Facebook-та уақыт өткізуі мен тәуелді болып қалу көрсеткіші төмендейді. Сондай-ақ, сіздің Facebook-та өткізген уақытыңыз бағалы болады деп ойлаймын. Егер біз осыны дұрыс жасай алсақ, қауымдастық үшін де, бизнес үшін де ұзақ мерзімде ұтымды болатынына сенімдімін.

Асылында Facebook әрдайым жеке қарым-қатынасқа негізделген. Мейлі достарыңызбен, отбасыңызбен болсын немесе әлемдегі маңызды оқиғалар аясында болсын, адамдардың бір-біріне жақын болуына баса назар аударып, Facebook-та өткізген уақытыңыз босқа кетпегеніне сенімді болуыңыз үшін барымызды саламыз».

(c) Марк Цукерберг 

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір