• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:58:46
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2018 NEWS

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг алдағы уақытта аталмыш желіде орын алатын өзгерістер жайында айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Цукерберг бұл жайында өзінің жеке парақшасында жазды.

«Мен біздің жұмыс тобымызға өзара әлеуметтік әрекеттесуді  қалыптастыру үшін дұрыс мазмұнды контент табуға көмектесу мақсатында өзгерістер енгіздім. Ең алдымен, сіздер жаңалықтар лентасынан өзгерістерді байқайтын боласыздар», - дейді Цукерберг.

Оның айтуынша, түрлі компаниялар мен БАҚ-тың посттары азайып, олардың мазмұны адамдар арасындағы маңызды қарым-қатынасты орналастыруға қатысты болуы міндеттеледі.

«Мұндай өзгерістерді енгізгеннен кейін адамдар бұл желіде көп отырмайды деп ойлаймын және де сайттарға кіру мүмкіншілігі де азаятын болады. Алайда, сіз Facebook желісінде отырып құртқан уақытыңыз бос кетпейді деп үміттенемін. Егер менің істеп отырғаным дұрыс болса, онда бұл қоғамға оң өзгерістер енгізеді деп ойлаймын», - дейді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір