• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:08:09
Алматы
+35°

20 Маусым, 2018 Аймақтар

Мақтаралда арнайы комиссия ҰБТ өтетін нысандарды қабылдап алды

20-маусым күні мақтаралдық түлектердің алғашқы легі Ұлттық біріңғай тестлеуден өтеді

20-маусым күні мақтаралдық түлектердің алғашқы легі Ұлттық біріңғай тестлеуден өтеді. Ол үшін түлектерді ҰБТ өтетін нысанға таситын арнайы көліктер дайын тұр. Сондай-ақ, медициналық жәрдем мен өрт сөндіруші көліктер бекітіліп, кіріп-шыққан көліктерді реттеу үшін ішкі істер басқармасының қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Бүгін бұл туралы аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев Астана қаласынан келген арнайы комиссия құрамымен өткен отырыста мәлім етті.

Жиынды жүргізген аудан басшысы Ж.Бейсенбаев комиссия мүшелерімен науқан кезінде орын алуы мүмкін мәселелердің алдын алу бойынша пікір алмасты. Аудандық ұлттық қауіпсіздік комитеті, аудандық ішкі істер басқармасы, аудандық орталық аурухана мен төтенше жағдайлар бөлімінен бекітілген арнайы қызметкерлерге өңір басшысы тапсырма беріп, өздеріне жүктелген міндеттерді барынша ұқыптылықпен орындауға шақырды.    

ҰБТ өтетін №119 мектептегі аудиторияларды аралап көрген аудан басшысы мен комиссия мүшелері оқушылардың сынақ тапсыруына барлық жағдай жасалғанына куә болды. Атап айтқанда, аудиторияларда түгелдей желдеткіштер орнатылып,  ауыз су, әжетхана мәселесі шешіліп, электр жарығымен қаматамасыз ету үшін қосымша трансформатор дайындалған.

Ұлттық біріңғай тестлеу күні 30 ұялы телефон сигналын анықтайтын және 2 металл анықтайтын құрылғылар пайдаланылады. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналардың қауіпсіздігі үшін 22 бейнебақылау камералары іске қосылған.  

"Құрметті комиссия мүшелері! Өздеріңіз көргендей, аудиторияларда барлық техникалық талаптар сақталған. Балаларды 2 рет тамақтандыратын асханамыздың санитариялық тазалығы қатаң тексеріліп, сынақтан өтушілерге барлық жағдайды жасап отырмыз. Ендеше, нысанды өздеріңізге тапсырамын" - деді Жамантай Қанайұлы.

Айта кетейік, биыл Мақтарал ауданында 2807 оқушы 4 лекпен Ұлттық біріңғай тестлеуден өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір