• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:59:17
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2018 NEWS

Мақтарал ауданында көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр (фото)

Алдағы 1 айда Мақтарал ауданына кіреберіс саналатын Ділдәбеков ауылдық округінің маңындағы жол жиектері жаңа кейіпке енетін болады.

Алдағы 1 айда Мақтарал ауданына кіреберіс саналатын Ділдәбеков ауылдық округінің маңындағы жол жиектері жаңа кейіпке енетін болады. Нақтырақ айтсақ, көркі көз тартар шарбақтар мен жол шамдары орнатылып, толықтай аббаттандырылмақ деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дәл осындай жұмыстар Асықата кентінде жалғасып, Қазыбек би ауылдық округі маңындағы жол жиегі де көгалдандырылып, жаяу жүргіншілерге арналған жолаяқ салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Жетісай қаласының кіреберісіндегі жол жиектері де қалыпқа келтіріліп, көпір маңындағы гүлзарда ерекше кейіптегі жарық шамдары орнатылмақ. Мұндай аббаттандыру жұмыстары аудандымыздың барлық елді мекендерінде жасалынады. Бүгін бұл туралы аудандағы сенбілік барысымен танысып шыққан өңір басшысы Ж.Бейсенбаев мәлім етті.

Мақтарал ауданы

Бүгінде Мақтарал ауданында осыдан 1 апта бұрын басталған сенбілік жалғасуда. Өткен апатада жол-жиектері күл-қоқыстан тазартылып, гүлдер егілсе, бұл жолы жаппай тал егу жұмыстары қарқын алды. Атап айтқанда, 3814 дана ағаш көшеттері мен шырша отырғызылды. Тал егу жұмыстарына куә болған аудан әкімі өзі де тал отырғызып, жастарға күтіп-баптаудың қыр-сырын үйретті.

Сенбілікке барша қала, кент, ауылдық округтерден 10 мыңнан аса адам және 31 техника қатысып, 420 тонна ретсіз күл-қоқыс шығарылды. 83 шақырым көшенің бойлары, 22 шақырым аяқжолдар тазаланып, ретке келтірілді. Сонымен қатар, 10 балалар алаңшалары, 4 спорт алаңшалары мен 15 автобус аялдамалары әктеліп, сырланды.

Мақтарал ауданы

Одан бөлек, 145 көпқабатты үйлердің аумақтары мен кіреберістері, 2671 шаршы метр үй іргелік аулалары ретке келтірілсе, 1,775 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйелер қоқыстан арылды.

Айта кетейік, аудан әкімінің бастамасымен өтіп жатқан сенбілік келер апта жалғасатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір