• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:00:48
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 Аймақтар

Мақтарал ауданында биыл 10 мың гектар жерге жүгері дақылы егіледі

Аудан әкімі алдымен аталған қожалықтың мақта өңдеу зауытына ат басын бұрды.

Биыл Мақтарал ауданында 10 мың гектарға жерге жүгері дақылы егілетін болады. Қайта өңдеген жағдайда 25 түрлі өнім алуға болатын дақылды әзірдің өзінде бірнеше шаруа қожалығы эксперимент ретінде егіп көрмек. Сондай-ақ, ауданда алдағы 1-2 жылда құс фермаларын көбейту жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, ауданда мақта шикізатын терең өңдеу ісі жандана түспек. Нақтырақ айтсақ, ақ алтыннан жіп иіру, тоқыма өнімдерін даярлайтын ірілі-ұсақты цехтар салу көзделіп отыр. Бұл туралы «Хамро ата» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысқан аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті.

Аудан әкімі алдымен аталған қожалықтың мақта өңдеу зауытына ат басын бұрды. Мұнда қазір мақта егу науқанына қажетті тұқымдық шит әзірлеу және шитпен шаруаларды қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Мұнан бөлек, аталған шаруа қожалықтың иелегінде 7 гектар жылыжай бар. Онда биыл 5,5 гектар қызанақ пен 1,5 гектар жерге көктемгі дақылдардың бірнеше түрі егілген.

Мақтарал

Қызанақ жылыжайын аралап көрген аудан әкімі анар бағының бүгінгі жай-күйін де сұрастырды. Сондай-ақ, аудандық тәжік мәдени орталығының төрағасына Қостанай облысына жер игеру науқанына ерікті жұмыссыз жастарды тарту мәселесін жүктеді. Нақтырақ айтсақ, танымал кәсіпкер Бахарадин Аблазимовтың иелігіндегі 950 мың гектар бидай егістігін игеруге жұмыс күші қажет болып жатыр екен. Меценат Қостанай өңіріне қажетті жұмысшыларды Мақтаралдан көптеп тартуды жоспарлап отырған көрінеді. Егер, сонда жұмыс істеймін деушілер табылып жатса, баспана алып беріп, тұрақты жұмыспен қамтымақ.

Мақтарал

Осы ретте, аудан әкімі жаз айларында ерікті топты Қостанай өңіріне арнайы жіберетіндігін мәлім етті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір