• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:47:34
Алматы
+35°

08 Маусым, 2017 NEWS

Мақсат Үсенов өлген күнді ұлттық мереке ету ұсынылды

Қоғам қайраткері Марат Телібеков Мақсат Үсеновке қатысты ұсыныс айтты, деп жазады

Қоғам қайраткері Марат Телібеков Мақсат Үсеновке қатысты ұсыныс айтты, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Сондағы ұсынысы мынадай: Қасиетті Ораза күні Мақсат Үсеновті жаппай қарғап-сілеу.

«Егер заң Үсеновті жазалауға дәрменсіздік танытса, оның жазасын Алланың өзі берсін», деп айтты Телібеков мырза.

Сонымен қатар, халық жаппай Үсеновті қарғап-сілесе, ол өз жазасын міндетті түрде алатынына Телібеков сенімді.

Мұрат Үсеновтің жазасыз қалғанын ескерген Телібеков премьер-министр Сағынтаевқа Үсеновтің өлген күнін ұлттық мереке ету жөнінде ұсыныс айтты. Сол жылдан бастап Үсенов өлген күнде отшашулар атылып, күнтізбеге тағы бір қызыл күн пайда болсын деген ұсыныс та айтылыпты.

Айта кетейік, өзінің адам төзгісіз әрекеттері арқылы Үсенов дүйім жұрттың ашуына тиіп, сөз астына қалған. Бұдан бұрын алты адамды қағып кетіп, біреуі көз жұмған. Жаза - 45 тәулік қамауда. Сонымен қатар, жол апатына себепкер болып, басқа көлікте келе жатқан әйел қатты жарақаттанған болатын. Жаза - 20 тәулік. 

Қазіргі таңда салық төлеуден жалтарған байдың баласы шетелде жүрген көрінеді. 

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір