• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:10:17
Алматы
+35°

20 Қараша, 2017 Аймақтар

Маңғыстауда оқу орындары мұнай саласынан тыс мамандықтарға да көңіл бөлуде

Сапар барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед Ақтау қаласындағы Маңғыстау политехникалық колледжіне арнайы ат басын бұрды.

Маңғыстау өңіріндегі оқу орындары мұнай саласынан тыс мамандықтарға да ерекше көңіл бөлуде. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Маңғыстау облысына сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сапар барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед Ақтау қаласындағы Маңғыстау политехникалық колледжіне арнайы ат басын бұрды. Қазіргі таңда бұл білім ошағы еліміздегі ең үздік он арнайы орта оқу орындарының қатарында. Мұнда дәнекерлеуші, мұнай және газ кен орындарын пайдалануға беру, токарь, металл өндеу сияқты облыста жоғары сұранысқа ие 20 мамандық бойынша мамандар даярлайды. Сондай-ақ, өңірдің мұнай шикізатына тәуелділігін азайту мақсатында колледжде ауыл шаруашылығы сияқты облыста кенжелеп қалған салалар бойынша да мамандар даярлау қолға алынып, жаңа он мамандық ашылған.

Студентермен кездесуінде Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстанды Үшінші жаңғыртуға арналған Елбасы тапсырмаларын орындаудың маңызына тоқталып, еліміздің кемел келешегі туралы айтты. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда өңірдің белсенділігіне назар аударды. Соның ішінде колледжде дуальді жүйе бойынша оқыту әдісінің қолға алынуын берері мол бастама деп атап өтті. Осы ретте колледжде Елбасы тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Сәтті қадам» партиялық жобасымен оқып жүрген жастар да аз емес екенін айрықша атап өткен жөн.

Сонымен қатар Мұхтар Құл-Мұхаммед мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде жемісті жұмыс істеп тұрған «Каспий» су тұщыту зауыты мен «Мағаш нан» нан өнімдері комбинатында болды. Айта кетейік, тек «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2017 жылы Маңғыстау облысына 80 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінді. Соның нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары жаңғыртылып, мектептер мен балабақшалар салынуда және өңірдің көлік инфрақұрылымы да қарқынды дамып келеді.

Сондай-ақ, партия Төрағасының Бірінші орынбасары облыстағы жоғары оқу орындары мен арнайы орта оқу орындарының оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті. Аталған іс-шарада Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасы алдымызға қойып отырған міндеттерге тоқталды. Соның ішінде қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызы мен мәніне назар аударып, бұл жолда Мемлекет басшысы жастарға зор сенім артып отырғанын жеткізді.

Партияның облыстық активімен кездесуінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасының партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде нұротандықтардың алдында тұрған нақты міндеттерді атап өтті.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір