• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:21:03
Алматы
+35°

17 Шілде, 2017 Спорт

МакГрегор Мейвезерге қарсы кездесуге дайындық кезінде нокаутқа түсіп қалды

МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтеді.

Жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық кіші Флойд Мейвезерге қарсы өтетін кездесуде дайындық кезінде нокаутқа түсіп қалды.

Бұл туралы екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық боксшы Джесси Варгас ирландиялық спортшының командасына жақын дереккөзге сілтеме жасап айтты, деп хабарлайды qamshy.kz ақпараттық агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ол спарринг кезінде нокаутқа түсіп қалды. Бокс әлемі үлкен емес. Біздің ортақ таныстарымыз көп», – деп келтіреді Варгастың сөзін Bloody Elbow.

Бұған дейін МакГрегор баспасөз жиындарының бірінде «Мейвезерді төртінші раудта нокауқта түсіремін», деп жариялаған еді. Бірақ бұл мәселеге қатысты бірінші жеңіл салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы 29 жастағы украиналық боксшы Василий Ломаченко үлкен күмәнмен қарайтынын айтты.

Айта кетейік, МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтеді. Бұл жекпе-жектің ұйымдастырушылары кездесуден 100 миллион доллар табамыз деп жоспарлап отыр. АҚШ жерінде кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір