• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:22:12
Алматы
+35°

07 Қазан, 2017 Айтты-ей, бауырың!

Магистратура туралы шындық: ол бізге керек пе?

Биыл магистратураға грантқа түстім. Бірақ күн сайын өзіме өзім сұрақ қоямын: «Осы магистратура не береді маған?». Жауап жоқ.

Биыл магистратураға грантқа түстім. Бірақ күн сайын өзіме өзім сұрақ қоямын: «Осы магистратура не береді маған?». Жауап жоқ. Әзірге сол бакалаврді қайталау, жалпы менің түсінігімде магистратура дегеннің өзі 4 жылдық бакалаврді 2 жылда қайталау. Болды! Кей жандар сол магистратураны он күндік шетелге бару үшін оқып жатыр, олардың арасында қыздар көп. Ал кейбірі мансап жолында өрлеу үшін магистрлік диплом керек дейді. Әр адамның мақсаты әр түрлі. Ол да дұрыс шығар! Бірақ маған бір ұнамайтыны магистратурада тура бакалаврдегідей сабақ беру формасының болуы.

Субъективті көзқарасты ескермеу, сол бакалаврдегі сабақтар, тереңдіктің аздығы, шәкірт пен ұстаз арасындағы диалогтің жетіспеушілігі. Мысалы жалпыға ортақ психология деген пән бар. Оны бакалаврде де, магистратурада да оқиды. Бакалаврде оқыған түйсік, зейін, ой дегендерді магистратурада да малта құртша езіп отырмыз. Ұстаздарға «адам психологиясын қалай анықтауға болады, тобыр санасын билеу және т.б үйретіңіз», ― десем, «бағдарламадан ауытқуға болмайды», ― дейді. «Түйсік пен зейіннің ережесін білгеннен менің өміріме пайда бар ма?», ―  деген сұрақты қойып келем өзіме. Пайда жоқ қой нақ! Жалпы көп жерде осы.

Дамыған батыс елдерінде магистратураға үлкен дайындықпен барады. 30 жаста, 35 жаста. Олар шынайы білім алуға деген ниетпен келеді. Және сабақ беру формасы да көп жерде әр студентке жеке жоспар бойынша. Білуімше мемлекет те әр студентке білім деңгейіне қарамастан 300 мың таратып жатпаған көрінеді. Бізге біраз өзгеріс керек сияқты.

Асхат Қасенғали

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір