02 Мамыр, 2018 Саясат
Ким Чен Ын мен Трамп қайда кездесетіні белгілі болды
КХДР лидері Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Траммен кездесуге келсімін берді.
КХДР лидері Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге келсімін берді. Екеуі Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея шекарасындағы Панмунджон арнайы аймағында кездеседі. Бұл туралы CNN хабарлайды.
Кездесу жерін Оңтүстік Корея президенті 27 сәуірде өткен саммит кезінде ұсынған. Телеарнаның мәліметінше, кездесудің кей шаралары Солтүстік Корея шекарасында өтуі мүмкін.
Осыған дейін Трамп Ким Чен Ынмен кездесудің нақты уақытын айтатынын мәлімдеген. Журналистермен әңгімелесу барысында кездесудің жақын арадағы үш-төрт аптада болатынын айтқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір