• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 02:00:50
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2017 NEWS

Киевте сот Михаил Саакашвилиді қамауға алудан бас тартты (видео)

Киевте сот "Жаңа күштер рухы" оппозициялық қозғалысының лидері және Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді үйқамаққа алудан бас тартты.

Киевте сот "Жаңа күштер рухы" оппозициялық қозғалысының лидері және Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді үйқамаққа алудан бас тартты. Осылайша прокуратураның өтінішін қабылдамады. Саясаткерді сот залында босатты деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сүйеніп жазады. 

Саакашвилиді "Ресеймен Украинаға қарсы астыртын сөз байласып, наразылық акцияларын ұйымдастырып отыр" деп айыптайды. Тергеу дерегі бойынша, саясаткер Украинаның экс-президенті Виктор Януковичтің жақтастарының мүддесі үшін, елде мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған.

Саакашвили бұл айыптарды теріске шығарады. Дүйсенбі күні сот залында ол өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істі Ресей президенті Владимир Путинге "сыйлық" деп атады. Бұл іспен айналысушылардың бәрі "ФСБ агенті" деп атап өтті Саакашвили.

Сот шешімі шыққаннан кейін саясаткер "Оларда [прокурорлар – Ред.] мені украин саясатынан алшақтату туралы тапсырма берілген. Бірақ мен халықпен тікелей байланысуға дағдыланғанмын әрі жалғастыра беремін" деп мәлімдеді. Грузия экс-президентінің жақтастары Киевте 17 желтоқсанда митинг өткізетінін жариялады.

8 желтоқсаннан бері Михаил Саакашвили Украина қауіпсіздік қызметінің абақтысында отырған. Жексенбіде Киевте саясаткерді қолдап, мыңдаған халық көшеге шықты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір