• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:49:03
+35°

17 Қазан, 2017 NEWS

КХДР: Ядролық соғыс кез келген уақытта басталып кетуі мүмкін

Дипломат: Егер де АҚШ біздің жерімізге кішкентай болсын қауіп төндіретін болса, біздің қатаң жазамыздан қашып құтыла алмайды

КХДР ядролық қаруға толық тыйым салу туралы идеяны қолдайды, алайда олар АҚШ иелік етіп отырған кезде өз арсеналын сақтап қалуға ниетті. Бұл жайында БҰҰ-да Солтүстік Корея өкілі Ким Ин Рен мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап. Сонымен қатар, ол ядролық соғыстың кез келген уақытта басталып кетуі мүмкін екендігін айтты.

БҰҰ-ның жалпы жиналысында дипломат ядролық қаруға толық тыйым салу туралы шілде Конвенциясына қолдау білдіріп, бұл құжатқа Вашингтонның қарсы екендігін айтып өтті.

«КХДР ядролық қарудың толық жойылуын және бүкіл әлемнің ядролық қаруы жоюға бағытталған күш-жігерін дәйекті түрде қолдайды. Алайда АҚШ КХДР-ны ядролық қарумен қорқытып, шабулы жасап отыр және де олар ядролық қаруға тыйым салу туралы құжатты теріске шығарып отырғандықтан Солтүстік Корея бұл келісімге қосылмайды», - дейді ол.

Дипломаттың айтуынша, Пхеньяндағы ядролық қару мен баллистикалық зымырандар өздерін қорғай үшін сақтап отырған қару екендігі мәлім болған. «Әлемде ешбір мемлекет АҚШ тарапынан ұзақ уақыт бойы мұндай қысым мен ядролық қарумен қорқытуларға тап болмаған. Солтүстік Кореядағы жағдай әбден титықталып, өз шегіне жетіп, сондықтан да ядролық соғыс кез келген уақытта басталып кетуі мүмкін», - деп қоса айтып өтті дипломат.

«АҚШ тарапы төндіріп отырған қауіп пен соғыс өрті тұтануы мүмкін себептер толығымен жойылмағанша, біз өзіміздің баллистикалық зымырандарымыз бен ядролық қаруымызға байланысты ешқандай да келісімшарттар жүргізбейміз және ешқашан да өзіміз таңдаған жолдан тайынбаймыз», - дейді Ким Ин Рен. Оның айтуынша, осы жылы КХДР «елдердің ядролық күштерін қалыптастырудағы соңғы кезеңді өтті», енді КХДР атом бомбасы, су тегі бомбасы және континентаралық зымырандарды тасымалдаудың түрлі тәсілдеріне ие болды.

«АҚШ-тың барлық аумағы біздің зымырандардың аймағында және егер де АҚШ біздің жерімізге кішкентай болсын қауіп төндіретін болса, біздің қатаң жазамыздан қашып құтыла алмайды», - деп сенімі түрде айтты дипломат.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір