• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 00:08:21
Алматы
+35°

09 Қаңтар, 2018 Саясат

КХДР мен Оңтүстік Корея арасында келіссөздер басталды

КХДР көршілерімен қарым-қатынасын жақсартуға қадам жасады

КХДР мен Оңтүстік Корея сейсенбі күні министрлік деңгейінде өзара келсіссөз жүргізуді, атап айтқанда арадағы қарым-қатынасты жақсартуға бақытталған алғашқы қадамды жасады. Кездесуде Солтүстік кореялық спортшылардың Пхенчхандағы Олимпиадада қатысу мүмкіндіктері талқыланған. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Деректерге сәйкес, келіссөздер сағат таңғы 10:00-де басталған.

Екі жақ делегацияларының басшылары Оңтүстік Кореяның ұлттық мәселелелрі жөніндегі министрі Чо Мен Гюн мен КХДР-дің бейбіт бірлесу комитетінің төрағасы Ли Сон Гвон Пханмундж келіссөздер пунктінде-басқаша айтқанда Бейбітшілік үйінде кездескен. Келіссөздер жабық түрде журналистер қатысуынсыз өтуде.

  Еске салсақ, КХДР лидері Ким Чен Ын 1 қаңтардағы халыққа жолдауында ядролық қару потенциялын дамтытындығын айтқан. Алайда, осыған қоса, оңтүстік кореялық көршілерімен қарым-қатынасты реттеуге, келіссөз жүргізуге уәде еткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір