• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:05:04
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2018 NEWS

Кубада ұлттық аза тұту күні жарияланды

Жұма күнгі ұшақ апатына байланысты Куба Мемлекеттік кеңесі 19 мамыр 06:00-ден 21 мамыр 00:00-ге дейін ресми аза тұту күнін жариялайды.

Куба билігі Boeing-737 ұшағының құлауына байланысты ұлттық аза тұту күнін жариялады. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

«Жұма күнгі ұшақ апатына байланысты Куба Мемлекеттік кеңесі 19 мамыр 06:00-ден 21 мамыр 00:00-ге дейін ресми аза тұту күнін жариялайды», - делінген Куба билігі таратқан хабарламада. Аза тұту күніне байланысты елдегі мемлекеттік тулар төмен түсіріледі.

Айта кетейік, 18 мамырда Гавана әуежайынан елдің шығысындағы Ольгин қаласына ұшып шыққан Куба мемлекеттік әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы әуеге көтеріле салысымен көп ұзамай жерге құлаған. Кей деректерге сүйенсек, жолаушылар ұшағында болған жүзден астам адамның үшеуі тірі қалған.

AFP агенттігі жолаушылар ұшағында 104 жолаушы болған деп хабарлады. Келесі бір басылымда ұшақта 107 жолаушы болды деген ақпарат тарады. Алайда нақты саны әзірге белгісіз. Ұшақ 1979 жылы құрылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір