• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:23:38
Алматы
+35°

22 Қазан, 2017 Денсаулық

Күйік кезінде алғашқы медициналық көмек маңызды

Сондай-ақ күйген киімдерді сөндіріп, оны адам үстінен шешу қажет.

Күйік - теріге, кейде тіндерге, бұлшық етке және сүйектерге өрт, электр немесе химиялық заттардың әсерінен келетін зиян. Ыстық бу немесе сұйықтықтың әсерінен де адам күйіп қалуы мүмкін. Күйіктің алдын алу,  алғашқы көмек туралы түсіндіру жұмыстары өңірде жиі өткізіліп келеді.

Батыс Қазақстан Облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Апаттар медициналық орталығы» филиалының фельдшері Зергүл Құрманғазиеваның айтуынша, терінің және тіндердің зақымдану  дәрежесіне байланысты күйік бірнеше түрге бөлінеді екен. Бірінші дәрежелі күйікке терінің беткі қабатының зақымдануы жатады. Бірінші дәрежелі күйіктер ыстық күнге күйіп кетуден немесе қайнаған сұйықтықтың, ыстық будың әсері нәтижесінде де пайда болады. Ал екінші дәрежелі күйіктер терінің екі жоғарғы қабатына әсер етеді. Тері қызарады, ісінеді, жиі көбіктенеді және көбік пайда болады. Мұндай күйіктердің ауыруы өте күшті болуы мүмкін. Егер дене аймағының жартысынан көбі зақымдалған болса, онда адам өліп кетуі әбден мүмкін. Күйік алты шаршы сантиметрден артық болса, дәрігерге жолығу керек. Терінің терең зақымдануы, тіндердің бұлшық еттердің, сүйектің , нервтердің  зақымдануы үшінші дәрежелі күйікке жатады. Бұл күйіктер өте ауыр және ауырсынуы да қатты болады. Үшінші дәрежелі күйіктен соң денеде тыртықтар қалуы мүмкін. Маманның айтуынша  күйік дәрежелері орын алғанда алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңызы зор. Инфекцияны болдырмау үшін асептикалық таңғыштарды  қолданып, шоктың алдын алу керек. Сондай-ақ күйген киімдерді сөндіріп, оны адам үстінен шешу қажет.Күйіп денеге жабысып қалған киімді жыртып алуға болмайды, жарақаттың үстіндегісін қалдырып, айналасындағысын ғана жыртып алып тастау керек.  Егер сыртта суық мезгіл болса, онда киім-кешекті жәбірленушіден шешу қауіпті, бұл шоктың пайда болуына және жағдайдың нашарлауына әкеледі екен. Алғашқы көмек көрсететін адам күйген жерлерге инфекциялардың түсуін алдын алу үшін құрғақ асептикалық таңғыштарды қолдану маңызды.

Гүлім АҚАП,

Батыс Қазақстан облысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір