• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:22:19
Алматы
+35°

27 Қараша, 2017 Ғылым-білім

Кореяда тест тапсырғанда ұшақ ұшпайды, тапсырма әзірлегендер қамауда болады

Емтихан уақытындағы ең радикалды шара – ұшақтардың төтенше жағдайдан тыс ұшуға және қонуға тыйым салынуы

Оңтүстік Кореяда жыл сайын елде тыныштық орнайтын уақыт болады. Электричкалар уақытша тоқтайды, биржа сауданы кейінге шегереді, ұшақтарға ұшып, қонуға тыйым салынады.

Себебі бұл күні оқушылар емтихан тапсырады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. Дәл осы күні оқушылардың тағдыры шешіледі. Егер емтиханды жақсы тапсырса елдің ең озық университеттерінің бірінде оқи алады. Бұл – сапалы білім алып, болашақта мол қаражат табуға жол ашады.

Ата-ана

Осы жылы бірыңғай тест 16-шы қарашада өту керек болған. Алайда жер сілкінісі салдарынан ол бір аптаға шегерілді. Айта кетейік, магнитудасы 5,4 жер сілкінісі Кореяның оңтүстік-шығыс бөлігінде болды.

Оқушы

Тарихта алғаш рет тест уақыты төтенше жағдайға байланысты кейінге шегерілген. Білім және ғылым министрлігі жер сілкінісі болған жердегі мектепте отыру қауіпті деп шешкен.

Әдетте билік жер сілкінісі болмай-ақ емтихан уақытында оқушылар үшін барлық жағдайды жасайды. Елдің барлық мемлекеттік мекемесі бұл күндері ерекше режимде жұмыс істейді.

Оңтүстік Кореядағы тест әлемдегі ең қатал емтихан болып саналады. Оқушылар бір күнде барлық пәннен емтихан тапсырады.

Емтихан – түлектердің болашағын шешеді

24-ші қарашада 593 мың оқушы 1180 емтихан өткізетін орталыққа келді. Әрқайсысы тамақ, жылу, қауіпсіздік және тыныштықты қамтамасыз ету керек.

Емтихан

Емтихан уақытындағы ең радикалды шара – ұшақтардың төтенше жағдайдан тыс ұшуға және қонуға тыйым салынуы. Оқушылар аудио тыңдаған 35 минутта елде толық тыныштық орнайды.

Көлік министрлігінің бұйрығымен осы уақытта әуеде болған ұшақтар әуеден жерге 3 шақырымға төмендеуге тыйым салынды.

Сеул НОТАМ (Notice to Airmen) жүйесі арқылы барлық әуе компанияларын шектеу туралы ескертеді.

Емтихан тапсырмаларын қалай құпияда ұстайды?

Жыл сайын тест сұрақтарын дайындайтындарды уақытша сыртқы әлемнен оқшаулайды. Емтихан сұрақтары дайындалып жатқан ғимарат қатаң құпияда сақталады. Тапсырманы дайындағандарға қызмет көрсететіндер де ғимараттан шығарылмайды.   

Ақпарат жария болмауы үшін, тест тапсырмалары дайындалып жатқан ғимаратта барлық коммуникация құралы өшіріледі. Ғимараттан тек төтенше жағдайда ғана шығуға болады. Мәселен, жақыны қайтыс болғанда. Тіпті еден жуушыларға дейін ғимараттан шығуға рұқсат берілмейді. Жерлеу рәсіміне барғанның өзінде оны арнайы агенттер апарып, әкеледі.

Осы жылы емтихан сұрақтарын дайындау 13-ші қазанда басталды.  Оны 700 адам дайындады. Бірыңғай тест 16-шы қарашада өтеді деп жоспарланғандықтан, 700 адам сол күні бостандыққа шығамыз деп үміттенген. Жер сілкінісіне байланысты,  емтихан бір аптаға шегерілгендіктен олар 1 апта қамауда болуға мәжбүр.

Оқушылар тест тапсырғанда  оқушылардың қауіпсіздігін он мың полицей мен өрт сөндіруші қорғайды.

Мектеп оқушыларының бірі құжаттарын ұмытып кеткен жағдайды оны жедел түрде үйіне жеткізіп, алып келетін арнайы көліктер бөлінеді.

Осы жылы 18 мыңнан астам полиция тест тапсыру орталықтарын күзетті. Сонымен қатар, төтенше жағдай болған жағдайда арнайы жасақ та оқушылар қауіпсіздігі үшін дайын тұрды.

Жер сілкінісі болған аудандарда табиғат апаты қайталанған жағдайда оқушыларға көмек көрсету үшін сарбаздар мен дәрігерлер жасақталды.

Сеул әкімшілігі қоғамдық көліктердің әдеттегі уақыттан ерте шығуға бұйрық берді. Бұл оқушылардың емтихан тапсыратын орынға уақытылы жету үшін жасалды. Қосымша такси мен жеке көліктер де жұмыс істеді.  

Көлік

Тіпті KOSPI индексі бойынша 1,6 триллион АҚШ долларын саудалайтын Кореяның қор биржасы да сауданы бір сағатқа кеш бастады.

Кореяның банк федерациясы таң ертең қоғамдық көлікте балаларын шығарып салатын ата-ана мен мұғалімдердің көп болатынын ескеріп, жұмыс күнін 9-дан 10-ға ауыстырды. Басқа да жекеменшік мекемелер дәл солай істеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір