• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:09:58
Алматы
+35°

14 Сәуір, 2018 NEWS

Көкшетауда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тексеріс жүргізілуде.

Көкшетауда жолаушылар автобусы жанып кетті. Бұл туралы жергілікті əлеуметтік желіде бейнежазба тарады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Əлеуметтік желі қолданушылардың аталмыш бейнежазба астына қалдырған пікіріне қарағанда, оқиға сәуірдің 13-інен 14-не қараған түні Көкшетау қаласынан Астана бағытына шыға берісте болған.

Көкшетауда өртенген автобуста 25 адам болғаны анықталды. Олардың барлығы "Көкше цемент" АҚ жұмысшылары мен жолаушылар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша оқиға түнгі сағат 23:00-ден аса орын алған. "Автобус  "Көкше цемент" АҚ тиесілі. Қоғамдық көліктің ішінде 25 адам болды. Олар Біржан сал ауданындағы Заозерное ауылындағы кірпіш зауытынан вахтадан үйлеріне келе жатқан жұмысшылар мен жолаушылар. Зардап шеккендер жоқ. Көліктің ішінде болғандардың барлығы құтқарылды. Құтқару жұмыстарына жол патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері атсалысты", деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Г.Пинчук.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тексеріс жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір