• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:19:31
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 Әлеумет

«Клинтонға ет, Путинге мәнті ұнады» - Назарбаевтың бас аспазының естелігі

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамақ талғамайтын, дәмді болса болғаны, бәрін жей беретін.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамақ талғамайтын, дәмді болса болғаны, бәрін жей беретін. Бұл туралы Елбасының алғашқы бас аспазы Алексей Сырых айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме беріп.

«Ол тамақ талғамайтын. Тамақтардың дәмді және әр түрлі болғанын жақсы көретін. Бірақ нағыз қазақтар сынды піскен етті сүйіп жейтін. Көкөністермен, картоппен піскен тауық етін жақсы көрді. Балықты да жиі жейтін. Сондай-ақ борщ тамағын жақсы көретін. Ол менің жасаған тамақтарымды бірден білетін», - деді бас аспаз.

Алексей Сырыхтың айтуынша, күні-түні жұмыста болатын, себебі кез келген уақытта оны шақырып қалуы мүмкін еді.

«Мен күндіз жұмысқа аттанып, кешке Мәскеуде немесе Қазақстанның өзге қалаларында жүретінмін. Бәрі аяқ астынан шешілетін. Пышақтарыммен бірге шабаданымды алып, жүре бердім. Тіпті әуежайларда ұшақтар кешігіп қалған уақыттар жиі болатын, ондайда бастыққа тамақ әзірлеп беру керек. Сонда мені әуежайдың ас бөлмесіне кіргізетін, ал мен өз жұмысымды бастап кетемін. Өзім жеке жоспар құра алмайтынмын, отбасыммен де көп уақытымды өткізе алмадым. Жағдай аяқ асты орын алып жатады. Мәселен, президенттің шет елге ұшатыны жайыл хабарланып, ол тізімде мен жоқ болсам, дереу отбасымды алып демалуға аттанып кететінмін», - деді ол.

Алексей Сырых Назарбаевтың жанында Кеңес үкіметінен бері жұмыс істеген, жалпы 27 жыл Елбасының бас аспазы болды. Алғашқы жылдары жалғыз істеген, тек 8 жылдан кейін жанына аспаздар алуға рұқсат етті.

Назарбаев қазақ тағамдарына үлкен құрметпен қараған.

«Маңызды қонақтар келерде, қазақ тағамдарының жасалуын басты назарға алатын. Өзгелерге өзімізге тән түрлі, дәмді, ұлттық асханамыздың барын білуі тиіс еді. Дастархан толып  тұруы керек. Бұл қазақ халқының қонақжайлылығының белгісі.

Бір жағдай болған. Мейрамханада Билл Клинтонды күтуіміз керек болды. Мейрамхана итальяндық еді. Владимир Ни бізге дайын болуды, әрі ұлттық тағамдардың болуын тапсырды. Қонағымыз келгенде алдымен Капрезе салатын және кептірілген ризотто асын ұсындық. Сонда Нұрсұлтан Назарбаев протокол басшысын шақырып алып, ұлттық тағамдардың неге берілмей жатқанын айтты. Сол сәтте-ақ мен ет асуға кірісіп кеттім. Кейін қуырдақ пен мәнті ұсындық. Бастық та, қонағымыз да риза болды. Аспаздарды шақырып алып, бәрімізге алғыс айтты», - деді Сырых.

Сондай-ақ Владимир Путинмен де болған жағдайды есіне түсірді.

«Путин кезекті рет Шымбұлаққа келгенде, біз арнайы тағамымызды ұсындық. Өз арамызда оны «Сникерс» деп атап кеткенбіз. Ол бөдене турамасы салынған қозы боды. Путинге ол асымыз қатты ұнады, бастық та еңбегімізді жоғары бағалады. Кейін мәнті ұсындық. Даяшылар бірнеше уақыттан кейін үстел үстін жинастыруға барғанда, Путин әлі жейтінін айтты. Ол мәнтіні сүйіп жейтін, тағы салып беруімізді жиі өтінетін», - деді бас аспаз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір