• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:13:35
Алматы
+35°

17 Қазан, 2017 Әлеумет

Кешіре білу – ғанибет қасиет

Кешірімділік − шаттыққа бастар жол

 Бір күні мұғалім сыныпта отырған балаларға: − Сендердің жек көретін адамдарың бар ма? − деген сұрақ қояды. 
Оқушылар ойланып қалды. Кейбіреуі үнсіз қалып, кейбірі қабақтары түйіле бастарын изеді. 
Олардың әрқайсысына бірден қағаз қалта таратқан мұғалім: − Біз бір қызық ойын ойнайық, − деді.

− Өткен бір жеті ішінде кім сізді ренжітті, түгелдей еске түсіріңіз. Сосын ол баланың аты мен істеген ісін тілдей қағазға жазыңыз. Мектептен қайтқан соң өзен жағасына барып, түрлі салмақтағы тастардан теріп алып, әлгі жазуы бар қағазды соған жапсырыңыз. Жүрегіңізді ауыртқан ісі ауыр болса, тас та үлкен болсын, кішкене болса, тас та кішкене болсын. Соңынан тастың бәрін өздеріңмен бірге алып барған қалтаға салып маған әкеліп көрсетіңдер. 
Бұл тапсырма балаларға өте қызықты болды. Сабақтан қайтқан соң барлығы өзен бойына барып, тас тереді. Ертесі таңертең тастарын көтеріп мектепке келген олар бұл іс жөнінде қызу әңгімеге кіріседі. Арада бір күн өтеді. Ертесі тағы бір күн өтеді. Үшінші күн жылжиды. Кейбір оқушылардың дорбасы тасқа толып, тіпті көтере алмауға айналады. 
Ақыры бір күні оқушылар бұл іске қарсы шығып, бас тартады. − Мұғалім, тапсырмаңыз тым қиын екен! − дейді олар ренжіп. − Онда қолдарыңдағы басқалардың  қылығын көрсететін тастарды тастаңдар! − дейді мұғалім жымиып. − Босқа біреудің кемшілігін "қымбат зат" көріп, жүрекке жүк қылып арқалап жүргенше, оны кешіре білуді үйреніңдер. Себебі уақыт өте келе кім болса да бұл ауырлыққа төзе алмайды. Кешірімділік − шаттыққа бастар жол. Кешіре білетін адам адамгершілігі мол адам қатарына жатады, − дейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір