• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:52:21
Алматы
+35°

18 Қазан, 2017 NEWS

Кениядағы жезөкшелік: 15 жастағы қыздың екі баласы бар

Кенияда әрбір үшінші қыз тәнін саудалаумен айналысады

Әрбір оныншы кениялық әйел жезөкшелікпен 8-9 жасынан бастап айналысады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Мишель атты 15 жастағы қыздың бүгінде екі баласы бар.

«Мен бірінші баламды босанған кезде 12 жаста болатынмын. 14 жасқа толып 7 сынып оқып жүрген кезімнен мектепті тастап кеттім, себебі менің кітап, мектеп формасын және тамақ сатып алатын ақшам болмады. Заң бойынша, кәмелет жасқа толмаған қыздар ресми түрде жұмысқа орналаса алмайды. Егер менің жақсы жұмысым болса мен оны барынша тырысып істейтін едім. Маған біреулер тап бере ме немесе соққыға жығады ма деп, тіпті, өлтіріп кетеді ме деп қатты қорқамын», - дейді Мишель.

Бүгінде Кения жыныстық қатынаста қызмет көрсететін елдер арасында жетінші орында тұр.

Коммерциялық емес ұйым координаторы Чаро Янгайдың айтуынша, ата-аналары балаларының немен айналысып, қалай өмір сүріп жүргендеріне мүлдем бастарын ауыртпайды, оларға бәрібір екен.  «Сондықтан да олар тамақ тауып келу үшін кетіп қалады. 5-10 минуттық қызмет үшін 50 шиллинг (0,5 доллар). Сондықтан да қыздар таңнан кешке дейін осылай қызмет көрсетіп, жұмыс істеуге мәжбүр. Олар күніне ең көп дегенде 15 доллар ақша таба алады.

Кения халқының жартысынан көбісі кедейлік өмірді сүруде. Ал жас қыздардың көпшілігі бала туып жатып көз жұмады. Бұл жағдайды қалай да қалыпқа келтіру үшін жергілікті қорлар жыныстық қатынас көрсету үшін түрлі сабақтар өткізеді екен.

14 жастағы Тенга Лвода есімді бойжеткен өзінің сәбиінің әкесі кім екендігін білмейді. Анасы кеткен кезінде сәби жыламас үшін оған ұйықтататын дәрі береді екен.

Белгілі болғандай, Кенияда 1,7 миллион адам ВИЧ ауруына шалдыққан. Олардың көпшілігі 30 жасқа жетпей көз жұмады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір