• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:17:50
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2018 NEWS

Кастамону қаласында «Мағжан Жұмабаев жылы" салтанатты түрде  ашылды

ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің өкілдері биыл Түркияның Кастамону шаһарында бас қосты

Кастамону қаласында «Мағжан Жұмабаев жылы" салтанатты түрде  ашылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің өкілдері биыл Түркияның Кастамону шаһарында бас қосты. Онда «Кастамону – 2018 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы, ақын Мағжан Жұмабаев жылының салтанатты ашылуы өтті.

Мағжан Жұмабаев

ТҮРКСОЙ ұйымының 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сəйкес, Түркияда қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойымен қатар, Әзірбайжан Республикасының атақты композиторы Кара Караев пен қырғыздың көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовты еске алу  жылы деп жарияланған.

Шараға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркияның Мəдениет жəне туризм министрінің орынбасары Хусейн Яйман, Кастамону қаласының губернаторы Яшар Карадениз, Кастамону қаласының басшысы Тахсин Бабаш жəне Түркия қалаларындағы губернаторлар мен əкімдер, Түркі елдерінің өкілдері мен Мағжан Жұмабаев  туған Солтүстік Қазақстан облысының мəдениет қызметкерлері жəне қазақстандық ақын-жазушылар қатысты.

Мағжан Жұмабаев

Туғанына 125 жыл толған айбынды ақынды бір минуттық үнсіздікпен еске алған Түркі жұрты оның ғұмыры мен шығармаларынан сыр шертер бейнефильмді жəне Солтүстік Қазақстан облысы өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Сондай-ақ Түркияның Мəдениет жəне туризм министрінің орынбасары Хусейн Яйман Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін жатқа оқып, көптің құрметіне бөленді. Айта кетерлігі, Мағжан өлеңдері түрік тіліне аударылып, кітап болып басылып шыққан.

«Атаулы жыл аясында желтоқсан айына дейін көптеген іс-шаралар мен түрлі кездесулер өткізілетін болады. Мағжан Жұмабаев жылына арналған арнайы бағдарламалар тек Кастамону қаласында ғана емес, Түркияға қарасты басқа қалаларда да ұйымдастырылады» – дейді ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов.

Мағжан Жұмабаев

Естеріңізге сала кетсек, ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің Мәдениет министрлерінің Түркістан қаласында өткен ХХХV Тұрақты Кеңесі отырысында Түркі елдерінің 2018 жылғы мəдени астанасы деп Кастамону қаласы бекітілген болатын. Осы орайда, 50-ден аса іс-шараларды өткізу жоспарға алынған. Мағжан Жұмабаевты еске алып, түркітілдес елдер арасында кеңінен насихаттауға арналған іс-шара 19-шы ақпан күні Анкара қаласында жалғасады. Ал 21 наурыз күні «Кастамону – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір