• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:39:22
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 NEWS

Іздеуде жүрген 82 лауызымды тұлға мемлекетке 1,1 трлн теңге шығын келтірген

Қазіргі кезде жемқорлықпен күрес ұлттық бюросы 82 лауызымды тұлғаға іздеу жариялаған, олардың үштен бір бөлігі шетелде.

Іздеуде жүрген 82 лауызымды тұлға мемлекетке 1,1 трлн теңге көлемінде шығын әкелген. Бұл туралы бүгін интернет-конференция барысында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев хабарлады.

«Қазіргі кезде жемқорлықпен күрес ұлттық бюросы 82 лауызымды тұлғаға іздеу жариялаған, олардың үштен бір бөлігі шетелде. Олар қызметтік өкілетін асыра пайдаланғану, пара алу, ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық құру, қаржы жымқыру және ізін жасыру істері бойынша іздестірілуде. Олар мемлекетке жалпы сомасы 1,1 трлн теңге көлемде шығын әкелген», - деді агенттік басшысы Алик Шпекбаев.

Агенттік басшысының айтуынша, 2017 жылы 38 адам ұсталған, оның 12-сі шетелде ұсталған. Олардың төртеуі Венгрия, Түркия, Ресейден Қазақстанға экстрадицияланған. Қазіргі кезде 8 адам экстрадициялау алдында тұр.

«2017 жылы екі мың жемқорлыққа қатысты заңбұзу істері тіркелді. 108 жүйелі жемқорлық фактісі және бес ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті ашылды», - деді Алик Шпекбаев.

2017-2018 жылдары сотқа бағытталған жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша жеті адам ақталып шыққан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір