• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:37:05
Алматы
+35°

10 Наурыз, 2017 Әлеумет

Із-түссіз жоғалған күйеуі жайында шындық 70 жылдан кейін белгілі болды

Үйлену тойларынан кейін 6 апта өткен соң Пеггидің күйеуі із-түссіз жоғалып кетеді. 70 жылдан кейін әйелі шындыққа көз жеткізеді...

Үйлену тойларынан кейін 6 апта өткен соң Пеггидің күйеуі із-түссіз жоғалып кетеді. 70 жылдан кейін әйелі шындыққа көз жеткізеді...

Олар 1944 жылы Американың Техас штатында танысты. Үрімдей жас ару Пегги 22 жасар ұшқыш Билли Харрисқа бір көргеннен ғашық болады. Ғашықтардың сезімі үлкен махаббатқа ұласып, екі жас үйленеді. Алайда, бақыттары ұзаққа созылмады. 6 аптадан соң Биллиге майданнан шақырту келеді. Жаңа отау құрған жас жігіт Францияға жүзіп кетеді. Бұл олардың соңғы жүздесулері еді. Жігіт сол кеткеннен қайтып келмеді.

Ұшқыш қандай жағдайға тап болғанынан әскери жасақ та бейхабар болды. Пегги қайғыдан қан жұтты, себебі, күйеуінің өлі-тірісі белгісіз еді. Өлді дегенге сенгісі келмеді.

Араға 70 жыл салып Пеггидің туыстары әскери мұрағаттан Билли жайында жазба тауып алады. Бұл жаңалықтан соң Пегги Францияға жол тартады.

Мұрағатта көрсетілгендей, Билли отырған ұшақ Лес Вентес қаласының маңында апатқа ұшыраған екен. Ұшқыш та қаза тауып, сол маңға жерленген. Алайда, Пеггиді мәйіт басында ерекше тосын сый күтіп тұр еді.

Лес Вентес атты кішігірім қалашықта Билли Харрисон батыр ғана емес, жастардың есінде үлгі болатындай қайсар әрі батыл азамат ретінде сақталып қалды. Тіпті, бас көшені күйеуінің есімімен атаған екен. Мәйіті гүлдерге толып тұр. Осылайша, қарапайым америкалық ұшқыш Францияның кішкентай ғана қалашығының  батыры атанды, қайтыс болғаннан кейін батылдығы мен ерлігі үшін медальмен марапатталды.

Биллидің ұшағы Лес Вентес маңында апатқа ұшырап, төменге қарай құлай бастайды. Өзінің аман қалмасын білген Билли ұшақтың қала үстіне құламауы үшін бәрін істейді. Өзі өмірден өтсе де, бейбіт тұрғынға қауіп төндіргісі келмеген ер адам бар күшін салып, ұшағын орманға қарай бағыттаған.

  Күйеуінің қайғылы оқиғасынан хабардар болған Пегги жыл сайын Францияға мәйіт басына келіп тұрады. Ол жерден апаттан аман қалған 91-жасар Ги Сурлоуды кездестіреді.

Өлім аузында болса да ұшақтың қала үстіне құламауы үшін қолынан келгенін істеген Биллидің әрекеті қала тұрғындарын қайран қалдырады. Бүгінгі күнге дейін оның қайсарлығы ел аузында.

Әрине, ұзақ жылдар бойы шындықты білмеген Пегги үшін ол жылдар ауыр тиді. 70 жыл бойы бүгінгі күндегідей байланыстың жоқтығынан өз күйеуінің қаза тапқаны жайында бейхабар болды. Бір еркекке көзін салмай, өз жарын күтумен болды. Бар қайғыға қарамай, Пегги Франция қалашығынан өзіне достар табады. Жергілікті тұрғындар ерінің ерлігін ескеріп Пеггиді өздеріне жақын тартты. 

 Дереккөз: fromlife.net

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір