• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:12:26
Алматы
+35°

03 Шілде, 2018 Әлеумет

"Instagram-ның кесірі". Тележұлдыздың өлімі жайлы психолог айтып берді

Британдық медицина Instagram-ды адамның психикасына әсер ететін ең сорақы әлеуметтік желі деп санайды

Бұрынғы Ұлыбритания аруы, 32 жастағы модель Софи Градонның өлі денесі табылды. Қыздың өлімі жайлы ақпарат таралған жоқ, алайда достары Софиді өзін-өзі өлтірді деп болжайды. Қайғылы оқиғадан соң британдық психолог теле жұлдыздың өмірі мен 500 мыңнан аса жазылушысы бар Instagram парақшасын зерттеп көрді.

Британдық медицина Instagram-ды адамның психикасына әсер ететін ең сорақы әлеуметтік желі деп санайды. Бұл жайлы The Sun басылымы жазды. Софидің оқырмандары көбіне үрей мен күйзеліске ұшырағандар. Олардың тарапынан тек негатив пікірлер жиі жазылып тұрады екен.

 

Gorgeous flower wall at @branchesrestaurant ??? @geehair extensions ???

A post shared by Sophie Gradon (@sophiegradon) on

«Бұл адамдар қашан да халықтың назарында жүргендіктен, өмірлерін де сәнді етіп көрсетуге тырысады. Әлеуметті желі қарапайым адамдарға да әсер еткенімен, жұлдыздарға деген әсері тіптен күшті», - деді психолог Эбигейл Сан.

Психологтың сөзінше, әлеуметтік желілер, әсіресе Instagram халық назарында жүрген адамдардың психикасын бұзып жәберетін бірден бір күш. Софи Градон елдегі танымал Love Island реалити-шоуының қатысушысы болған. Алол британдықтардың көбі тамашалайтын, әрі қатысушыларының өмірін жиі талқылайтын шоу екен. Сол себепті Софи Градонның өмірі халықтың бағалауға, оқырмандарының санына байланып қалған.

«Реалити-шоудың жұлдыздары экран артына жасырынбайды, халыққа бәрі аян. Ал Instagram адамдардың өзін-өзі бағалау дәрежесіне әсер етеді, жеке өмірін жойып, елдің пікірі ол үшін маңызды саналатын болады. Жұлдыздар өздеріне емес халыққа ұнайтын, халық қызығатын фотолар салуға тырысады», - деді психолог.

Софидің қазасын полиция тергеген жоқ, алайда достары Софидің өзін-өзі өлтіргеніне сенімді. Оның үстіне өмірінде қаржылық қиындықтар да болыпты. Алайда оның 494 мың оқырманы бар Inestagram парақшасы Софидің қиындыққа ұшыраған қыздың бейнесін жауып, табысты ару ретінде көрсетеді.

«Шоудан кеткелі жан-жақтан жауған негативтер көңіліме қатты тиді. Ол адамдардың айтып, жазып жатқандары шындық секілді көрінді. Желідегі мазақ өмірдегі мазақтан да қорқынышты. Трольдер адамды әлсіз халге түсіреді», - деп жазды бірде Софи өзінің Instagram-дағы парақшасына.

Mediamix маркетингтік компаниясының статистикасына сәйкес, 2018 жылдың алғашқы аптасында-ақ Instagram қолданушыларының саны 1 млрд-қа жетті. Ай сайын мыңдаған адам тіркеліп тұрады. Әлеуметтік желілердің ішіндегі ең белсендісі де осы Instagram.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір