• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:44:15
Алматы
+35°

25 Қазан, 2017 Экономика

Halyk Bank пен Qazkom тұтынушыларға өте ыңғайлы төлем жүйесін енгізді

QR код арқылы төлем жасау алдағы уақытта Halyk Bank клиенттеріне де қолжетімді болады. Төлем жасау мен қабылдау да комиссиясыз.

Halyk Bank иелігіндегі Qazkom банкі мен Visa компаниясы Қазақстанда интернет-банкингтегі Homebank Pay сервисін іске қосқандығын мәлімдеді. Онда ТМД мен Еуропада әлі жоқ төлем жүйесі таныстырылды деп жазады Qamshy.kz.

Аталған төлем жүйесі тұтынушыларға QR кодты сканерлеу арқылы төлем жүргізуге, ал сауда орындары мен қызмет көрсететін кәсіпорындар үшін уақыт үнемдеуге, POS терминалдарға шығынданбауға септігін тигізеді. Ол үшін тұтынушы кез-келген өндіріс иесінің бірегей QR кодын сканерлеуі, сәйкесінше қажетті төлем сомасын енгізуі жеткілікті. Ал, өндіріс орындары мен қызмет көрсетушілер банктен өз шотымен байланысты меншікті QR код алады.

Төлем жүйесіне арналған баспасөз конференциясында Halyk Group басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова «Біз шағын бизнес саласындағы кәсіпкерлерді қолма-қолсыз ақша төлеміне өтуді жеңілдететін эквайрингтегі жетекші банктің шешімін қуана ұсынамыз», деп таныстырды. Оның айтуынша QR кодты төлем жүйесі мемлекетке де пайдалы. Осы арқылы көлеңкелі ақша айналымы азаяды.

Конференция барысында Qazkom банкінің басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров соңғы жылдағы банк тұтынушыларының интернет-банкинг пен қолма-қолсыз төлем жасауда белсенділік танытқанын атап өтті. «Елдегі кез келген жеке кәсіпкер контактісіз төлемдерді қабылдай алады. Сонымен қатар бұл сервис төлем қабылдау инфрақұрылымдарына ешқандай инвестицияны қажет етпейді. Android немесе iOS жүйесіндегі смартфондарға орнатылатын қосымша арқылы Қазақстанның кез келген сауда нүктесінде оңай әрі қауіпсіз түрде қалаған төлеміңізді жасай аласыз», - деді ол өз сөзінде.

Журналистер сұрақтарына жауап берген банк басшыларының сөзінше, аталған қызметті Алматы мен Астана қаласының тұрғындары қараша айынан бастап, ал тұтас Қазақстан және Ресей, Тәжікстан сияқты ТМД елдері 2018 жылдың басынан пайдалана алады. Qazkom тұтынушылары үшін QR код арқылы төлем жасау алдағы уақытта Halyk Bank клиенттеріне де қолжетімді болады. Төлем жасау мен қабылдау да комиссиясыз.

Visa-ның Орталық Азия елдеріндегі аймақтық менеджері Ғалым Табылдиев Қазақстан нарғының қарқынды дамып жатқанын атай келе, «Аталған  төлем жүйесі EMVC серіктестігімен әлемнің түрлі елдерінде QR код технологиясының тәжірибесі ескеріле отырып, Visa-мен әзірленген болатын. Бұл ашық стандарттармен жұмыс істейтін индустрияның дамуына, мемлекеттің сандық экономикаға тез өтуіне ықпал етеді», - деп атап өтті.

Айта кетсек, QR-код арқылы төлем жасау Корея, Қытай елдерінде, Оңтүстік Азияда қолданыста бар. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір