• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:56:37
Алматы
+35°

23 Қазан, 2017 IT

Google назарындағы қазақстандық ғаламтор пайдаланушылар

Ғаламтордағы уақыт өткізуі ғаламдық үрдістермен сәйкес келеді.

Қазақстандық ғаламтор пайдаланушылары қылықтарының ерекшеліктерін Google тапсырысы бойынша  KANTAR TNS  компаниясы жаңа ғаламдық зерттеу жасаған деп жазады Qamshy.kz

Бұл зерттеу Ғаламтор желісінде 16 жастан басталатын жас мөлшеріндегі қазақстандық пайдаланушылардың мінез-құлықтары туралы көрініс алу мүмкіндігін береді.

«Біз қазақстандықтардың не мақсатта желіге кіретіндігін, қаншалықты жиі кіретіндіктерін және осы мақсаттар үшін қандай құрылғылармен пайдалатындықтарын көре аламыз. Зерттеу әлемнің 63 елінде өткізілген, өзге елдер бойынша зерттеу нәтижелері Consumer Barometer сараптамалық онлайн-құралы түрінде ұсынылған», - дейді зерттеушілер.

 Google

Зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың жүйелі түрде 74% Ғаламтормен жеке мақсаттар үшін қолданатындықтарын көрсетті. Ғаламдық деңгейде салыстыратын болсақ, бұл сан 82% құрайды. Ең белсенді пайдаланушылардың жас мөлшері 25-34 және 35-44 жастағылар (сәйкесінше 30% және 20%). Алайда онлайн пайдаланушыларының жас шамасы жастар деген болжамға қарамастан, қазақстандықтар арасында Ғаламтор пайдалануды жас шамасына қарай үлестіруде жеткілікті түрде біркелкі. Ғаламтор ‒ бұл кез-келген жас шамасындағы адамдардың тілдесуіне жағдай жасайтын орта. 

 Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері Қазақстанда желіні белсенді пайдаланатындар ер адамдар 47% және сәйкесінше әйел адамдар 53% болып табылатындығын көрсетті.

 Google

Ғаламторға қосылған құрылғылардың экожүйесі әртүрлі және әр адам бірнеше құрылғыларды пайдалатындығымен шартталған. Осылайша бүгінгі таңда бір қазақстандыққа 1,7 Ғаламторға қосылған құрылғы келеді.

 Сонымен бірге қазақстандықтар Ғаламторға кіруді ұсынатын құрылғылардың санын көбейтуде: осылай, 64% смартфондармен пайдаланады, 26% ‒ ноутбуктармен, 10% ‒ смарт ТВ. Бұдан басқа қазақстандықтар нетбуктармен және планшеттармен, электронды кітаптармен, смарт-сағаттармен және трекерлермен белсенді қолданады, аталған құрылғылардың барлығы Ғаламторға кіру мүмкіндігін ұсынады.

 

Бірнеше жыл бойы Қазақстанда Ғаламтормен пайдалану үшін смартфондарды артық көретін қазақстандықтардың санының артып келе жатқындығы байқалады. Смартфондарға жасалған мұндай бейімделу пайдаланушылардың онлайн қылықтарына ықпал етеді. Осылайша смартфон арқылы жасалатын онлайн шопинг жиі қолданылады – бүгінде Ғаламтордан компьютер арқылы және смартфон арқылы заттар сатып алатын, жас шамасы 16 жастан жоғары қазақстандық онлайн пайдаланушылардың үлесі бірдей, және 16% құрайды.

 Google

Сонымен бірге ұялы технологиялар бейнеконтентті онлайн қарау процесін де өзгертеді: смартфондардан қарау саны ұлғаюда. Осылайша 2017 жылы жас шамасы 16 жастан жоғары қазақстандықтардың 58% компьютерденде, смартфоннан да бірдей жиілікте Ғаламтордағы бейнелерді қарайды.

 Қазақстандықтардың Ғаламтордағы уақыт өткізуі ғаламдық үрдістермен сәйкес келеді. Осылайша қазақстандық онлайн – пайдаланушылар бірінші кезекте көңіл көтереді  (72%), Ғаламтордан ақпарат іздейді (75%) және қойылған тапсырмаларды онлайн орындайды (54%), сонымен қатар онлайн-контент орналастырады (20%), онлайн нені қалай жасау керектігін көрсетіп, өзгелерге көмектеседі (36%).

KANTAR TNS  өткізген Connected Consumer Study зерттеулерінің кезінде әлемнің 63 елінен асатын сұхбаткерлеріне сұрақ қойылған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір