• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:59:07
Алматы
+35°

08 Сәуір, 2018 Спорт

Головкинді 5 мамырда кездесу өткізуге мәжбүрлеуі мүмкін

5 мамырда Головкин Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) рематч өткізуі қажет болған.

The Ring тілшісі Майк Коппинджер Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) 5 мамыр күні Лас-Вегаста украиналық Сергей Деревянченкомен (12-0, 10 КО) өткізетін жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

— Меніңше, барлығы IBF ұйымының міндетті қарсылас -Сергейдің мәртебесіне қатысты қандай шешім қабылдайтынына байланысты. Егер олар осы жолғы кездесуді өткізуге мәжбүрлесе, GGG онымен жұдырықтасады. Егер олай болмаса, бәлкім бұл «Спайк» болуы мүмкін»,-деп жазады автор Твиттерде.

Айта кетейік, ирландиялық боксшы Гэри «Спайк» О'Салливан (27-2, 19 КО) Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін әлеуметік желілер арқылы ұдайы айтып отырады. Әуелде, 5 мамырда Головкин Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) рематч өткізуі қажет болған. Алайда ол өзгертілді. Енді Геннадийдің өзге қарсыласпен кездесуі T-Mobile Arena-да емес MGM Grand-та өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір