• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:17:50
Алматы
+35°

20 Маусым, 2018 Спорт

Головкин Қазақстанға келетінін айтты

Головкин мен "Канело" екінші кездесудің алдында бірлесіп баспасөз жиынын өткізуден бас тартты.

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өтетін екінші кездесудің алдында Қазақстанға келеді. Бұл туралы боксшының өзі Yahoo! Sports порталына берген сұқбатында айтты, деп жазады vesti.kz. 

"Мен Қазақстанға жол жүріп бара жатырмын. Келесі аптада қайта келіп, жаттығуды бастайды. Алдымен үйге барып, достарым мен туыстарымды көріп қайтқым келеді. Менің қазір демалысқа уақытым бар. Келесі аптадан бастап назарымды жүз пайыз боксқа ауыстырамын", - дейді Головкин. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" екінші кездесудің алдында бірлесіп баспасөз жиынын өткізуден бас тартты. Олар енді тек кездесуге бір апта қалғанда ғана бірлесіп баспасөз жиынын өткізеді. Олардың екінші кездесуі 15 қыркүйекке жоспарланған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір