• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 04:31:08
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2016 Айтты-ей, бауырың!

ГЕНАМЫЗ ДА САЯСИ ЖОБА ЕМЕС ПЕ?

Шынымды айтайын, мен GGG-ді ессіз жақсы көрдім. Оның тегеурінді "төбелестерінің" бірін қалдырмай тамашалайтынмын...

Шынымды айтайын, мен GGG-ді ессіз жақсы көрдім. Оның тегеурінді "төбелестерінің" бірін қалдырмай тамашалайтынмын...

Соңғы кездері оның жұдырырықтасулары маған ұнамайтын болып жүр. 
Бұл спорттық сайыстан гөрі, саяси жобаға көбірек ұқсап барады. 
Бұл ойым үшін жек көріп жатсаңыз, оған да мақұл. 
Мәселен, біздің билік Қазақстан «көпұлтты» мемлекет екенін жаһанға жар салудан жағы талмай келеді. 

Сол ұлттардың (дұрысы диаспора) ішіндегі «ұлысынан» батыр шығару - мемлекеттің басты саясаты секілді көрінеді. 

Генаға "Әкем - орыс, шешем - кәріс, өзім - қазақ" деген сөз айтқызу - осы сөзімнің дәлелі іспетті. Оның қазақ шапанын киіп, рингке көтерілуі де тегін емес. Сайлау кезінде "Нұр-Отанның" сапында болуы да біраз жайды аңғартады. Айта берсек, мысал көп... 

«Гена секілді «суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын» батыр не үшін керек?» дейтін шығарсыз. Қуанышы жоқ халықты бір желпіндіру үшін... Идеологиясы әлсіз ұлтты алдарқату үшін... Сол себепті, Генаға әлсіз қарсыластар таңдалады. Олар алғашқы раундтарда-ақ жеңіліп, миллиондарды қалтасына басады. Біздің қазақ - соған мәз.
Өзінің төл, Ұлттық пантеонын (мектеп, тағы басқалар салуға болады-мыс))))) салатын ақшасы айдаладағы АҚШ-та шашылып, көрінгеннің қалтасына кетіп жатқанда шаруасы жоқ (Бұлай болмауы да мүмкін. Бірақ, менің түйсігім осылай дейді). 
Әрине, Гена мықты жігіт. Мен оның талантын қызғанатын боксер емеспін. 
Десек те, ұлттық идеологияны мәңгілік ету үшін бар қаржы ұлттық мәдениетке, ұлттық әдебиетке жұмсалуы керек еді. Тарихшылар сол шашылған ақшаға ұлттың тарихын жазып, тасқа қашауы тиіс еді.

Енді, міне, бүгін «Генаның қарсыласы белбеуін тастай қашты» деп тақияны аспанға лақтырып жатырсыздар! «Ол белбеуді біздікілер қаншаға сатып алды екен?» деп мен отырмын. Елдегі бас тақырыпты өзгерту үшін Гена батыр және көмекке келді. Бұл көмек нәтижелі болғай!

Қанат Әбілқайырдың Фейсбуктегі парақшасынан алынды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір