21Қаңтар

Фаузия Шәмсиқызы: Қазіргі жастар өз ойларын дұрыс жазып жеткізе алмайды

Фаузия Шәмсиқызы: Қазіргі жастар өз ойларын дұрыс жазып жеткізе алмайды

6 қазанда Алматы қаласында Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік басқармасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес және Басқарманың 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірге «Рухани жаңғыру жағдайында жоғары білім жүйесінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Бүгінгі іс-шара қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында өткізілді.

Алматы

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның негізгі міндеті – мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелеріне, осы саладағы озық іс-тәжірибелер мен қол жеткізген оң нәтижелерге талдау жасау және сонымен бірге орын алып отырған мәселелер мен оны шешудің жолдарын қарастыру болып табылады.

Алматы қаласында Абай атындағы педагогикалық университетте өткен бүгінгі жиынға тіл білімінің белгілі ғалымдары, ЖОО-да қазақ тілінің оқытушылары, жергілікті атқарушы органдардың тіл мәселесіне жауапты қызметкерлері мен тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері және де көптеген студенттер қатысты.

Мамай Ахетов

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның модераторы болған Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Мамай Қаниұлы өзінің кіріспе сөзінде мемлекеттік тілдің бүгінгі ахуалы мен оның маңыздылығы жөнінде тоқтала кетіп, қазіргі таңда мемлекеттік тілдің ақпарат кеңістігінде дұрыс қолданылуына баса назар аудару қажеттігін айтты.

Фаузия Оразбаева

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы Фаузия Шәмсиқызы өзінің баяндамасында «Рухани жаңғыру кеңістігіндегі жазылым мәдениетінің орны» мәселесі төңірегінде кеңінен айтып өтті.

Фаузия Шәмсиқызының айтуынша, қазіргі таңда жастардың көпшілігі өз ойын еркін жазып жеткізе алмайды. Сол себепті де қоғамда жазылым мәдениеті ақсап тұр.

Анар Салқынбай

Қазақтың төл дыбыстарына қатысты баяндама жасаған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Анар Бекмырзақызы латын әліпбиіне көшуге байланысты жасалған әліпбидің бірыңғай стандартты нұсқасындағы қателіктерге тоқтала отырып, «Қазақтың төл дыбыстары: қосар ма, дара ма?» деген сұрақты көтерді. Парламент мәжілісінде таныстырылған латын әліпбиінің бірыңғай стандартты нұсқасындағы секілді диграфтар Ахмет Байтұрсынұлы жасаған әліпбиде де болған деген ғалымдар пікірінің толыққанды дұрыс еместігін айта келіп, қазақтың «ә, ө, ү, ұ» сынды дыбыстары ХХ ғасырдағы латын әліпбиінде диграф болмағандығына тоқтала кетті. Оған дәлел ретінде Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін атап өтті.

«Парламент мәжілісінде таныстырылған латын әліпбиінің бірыңғай стандартты нұсқасында біршама қателіктер бар. Біз ол нұсқаны экономикалық жағынан тиімді деп айтып жүрміз, алайда бұл пікірге де онша келісе алмаймын. Ағылшын әліпбиінің 26 әрпіне сидырып жасайтын болсақ, қосымша программалар жасаудың қажеті жоқ болғанымен, бұл әліпбиімен жазылған контекст мөлшері 30-40%-ға дейін созылады. Сол себепті де біз үнемі қандай да бір құжатты басып шығаратын болсақ бір беттік мәтін 2-3 бетке созылып кетеді. Бұл жағдайда экономикалық жағынан үнем болады деуге онша келмейді», - дейді Анар Бекмырзақызы.

Алматы

Айта кетер болсақ, Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселесіне басымдық бере отырып, күн тәртібіндегі өзекті мәселе ретінде қарастырады. Осыған орай, еліміздің әр аймағында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, аталмыш мәселе төңірегінде түрлі талқылаулар жүріп жатыр.

Назерке Лабихан

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 3 ай бұрын

    Жер жерде осы тақырыпта жиындар, конференциялар өтіп жатыр. Мұның бәрі де қазақ қоғамының тіл тағдырына, ұлт тағдырына бейжай қарамайтындығын көрсетеді.

  • 3 ай бұрын

    Білгенін әдемі жеткізуге тілі жетпей жатады, бұл жастардың әдеби шығармаларды көп оқымайтындығын көрсетеді.

  • 3 ай бұрын

    Қоғамдағы кемшілікті дұрыс бақылай алған екен. Өз басым студент кезде сабақ берегн Анар апайды көріп, мәз болып отырмын.

1
Әлемдегі ең қайсар боксшы атағы Генадий Головкинге бұйырды
21/01 10:47 0 2
2
Натали Портман: 13 жасымда денемді бүркеп жүру керектігін ұқтым
21/01 10:06 0 272
3
21-қаңтарға арналған ауа райы болжамы
21/01 09:19 0 504
Алматыдан 311 км шақырым қашықтықта жер сілкінді тіркелді
21/01 09:09 0 1045
Асхат Еркімбай: Медиа соңғы технологиялық өзгерістерге тез бейімделуі тиіс
20/01 19:32 1 1046

Таныстырылғандар

Депутаттар «Кинематография туралы» заң жобасын талқылады
Депутаттар «Кинематография туралы» заң жобасын талқылады
Депутаттар «Кинематография туралы» заң жобасын талқылады
Кездесу барысында депутаттар «Қазақфильмнің» күнделікті жұмысы және техникалық жабдықтарымен, декорацияларымен, костюмдерімен, реквизиттерімен танысты
10/01/2018 14:53 0 1512
Ақтөбе облысындағы ауылда мал қырылып жатыр
Ақтөбе облысындағы ауылда мал қырылып жатыр
Ақтөбе облысындағы ауылда мал қырылып жатыр
Мал дәрігерлері тексеруді бастады
10/01/2018 16:48 3 2364
Астанадағы боран адамдарды ұшырып жатыр (видео)
Астанадағы боран адамдарды ұшырып жатыр (видео)
Астанадағы боран адамдарды ұшырып жатыр (видео)
Әлеуметтік желіде Астанадағы бораннан видеолар жарыса жарияланып жатыр
11/01/2018 15:47 2 2204
Қазақстанда 45 жолаушысы бар автобус аударылды
Қазақстанда 45 жолаушысы бар автобус аударылды
Қазақстанда 45 жолаушысы бар автобус аударылды
Апаттың себептері белгісіз
12/01/2018 09:52 0 2046
Қазақстандағы орташа жалақының мөлшері белгілі болды
Қазақстандағы орташа жалақының мөлшері белгілі болды
Қазақстандағы орташа жалақының мөлшері белгілі болды
2017 жылы желтоқсан айында жұмыссыз жүрген адамдардың саны 441,8 мың адамды құрады
13/01/2018 13:32 0 1860
3 жастағы қыздың мұрнын жұлып алған өгей әке қамауға алынды
3 жастағы қыздың мұрнын жұлып алған өгей әке қамауға алынды
3 жастағы қыздың мұрнын жұлып алған өгей әке қамауға алынды
Алматы облысында 3-жастағы қызды аяусыз тістелеп, мұрнын жұлып алған өгей әке қамауға алынды,
14/01/2018 17:18 5 2755
Пошта маркасы мен ескерткіш монетасы жарық көрді
Пошта маркасы мен ескерткіш монетасы жарық көрді
Пошта маркасы мен ескерткіш монетасы жарық көрді
Кинокадр ретінде жасалған монеталар 925 сынамды күмістен жасалған
15/01/2018 13:04 0 1241
«Оңаймен» 150 теңге: тасымалдаушы компания жолақыны көтеруді сұрап отыр
«Оңаймен» 150 теңге: тасымалдаушы компания жолақыны көтеруді сұрап отыр
«Оңаймен» 150 теңге: тасымалдаушы компания жолақыны көтеруді сұрап отыр
Өткен бесжылдықтағы теңгенің құнсыздануына байланысты тасымалдаушы компаниялардың қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарына кеткен шығыны айтарлықтай өсті.
17/01/2018 12:52 5 1975
ОҚО-да 2017 жылы 80 мыңға жуық бала дүниеге келген
ОҚО-да 2017 жылы 80 мыңға жуық бала дүниеге келген
ОҚО-да 2017 жылы 80 мыңға жуық бала дүниеге келген
Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 80 мыңға жуық бала дүниеге келген. Сондай-ақ 20 мыңнан аса отбасы шаңырақ көтерген.
17/01/2018 15:32 0 757
Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында 7 миллиард долларға келісім жасалды
Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында 7 миллиард долларға келісім жасалды
Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында 7 миллиард долларға келісім жасалды
"Қазақстан америкалық бизнес үшін үлкен әлеуетке ие, әлемнің төтенше маңызды аймағында орналасқан", - деп атап өтті Томас Донохью
17/01/2018 15:57 7 939
Ақорданың қақпасын қирата жаздаған полицей жұмыстан қуылды
Ақорданың қақпасын қирата жаздаған полицей жұмыстан қуылды
Ақорданың қақпасын қирата жаздаған полицей жұмыстан қуылды
Ақорданың қақпасын көлікпен соғып қирата жаздаған полицейлер...
17/01/2018 22:00 1 1581
Кейуана жат ағымның жетегінде кеткен қызын 7 жылдан бері қайтара алмай жүр
Кейуана жат ағымның жетегінде кеткен қызын 7 жылдан бері қайтара алмай жүр
Кейуана жат ағымның жетегінде кеткен қызын 7 жылдан бері қайтара алмай жүр
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсукент ауылында тұратын кейуана 7 жылдан бері туған қызы мен немересін үйіне қайтара алмай зар илеп жүр.
18/01/2018 18:10 0 1211
Шавкат Мирзияев Ақтөбе облысындағы апатқа байланысты арнайы комиссия құрды
Шавкат Мирзияев Ақтөбе облысындағы апатқа байланысты арнайы комиссия құрды
Шавкат Мирзияев Ақтөбе облысындағы апатқа байланысты арнайы комиссия құрды
Онда Өзбекстанның 54 азаматы мен 3 қазақстандық болған
18/01/2018 18:28 1 2254
Ақтөбеде өртенген автобуста көз жұмғандардың алдын-ала тізімі жарияланды
Ақтөбеде өртенген автобуста көз жұмғандардың алдын-ала тізімі жарияланды
Ақтөбеде өртенген автобуста көз жұмғандардың алдын-ала тізімі жарияланды
Өзбекстанның төтенше жағдай министрлігі өртке оранған автобуста көз жұмғандардың алдын-ала тізімін жариялады
19/01/2018 12:55 0 2490
Алматыдан 311 км шақырым қашықтықта жер сілкінді тіркелді
Алматыдан 311 км шақырым қашықтықта жер сілкінді тіркелді
Алматыдан 311 км шақырым қашықтықта жер сілкінді тіркелді
ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылдың 21 қаңтары күні 07 сағат 39 минут жер сілкінді.
21/01/2018 09:09 0 1045