23Қараша

Exclusive : «Қазақ спиннер» сатылымға шықты

Exclusive : «Қазақ спиннер» сатылымға шықты

Халық арасында танымалдылыққа ие болып жүрген спиннер күйзеліске душар болғандарға арналып жасалған ойыншық. Қолыңда ұстап отырып қайта-қайта айналдырасың, бар назарың соған ауып, қиындықтың, күйзелістің бәрін ұмытасың. Ал әлем халықтарының  спиннерге деген қызығушылығы басқа дүниелерге қарағанда ерекше. Еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін аталмыш ойыншыққа қызығушылығы күн санап артып келеді.

Әлем балаларының қолында жүрген ойыншық қазақтың қошқар мүйіз ою бейнесі мен ЭКСПО мамандандырылған көрмесінің логотипі бейнесінде сатылымға шықты. Ойыншықты қазақы үлгіде жасап шығарған кәсіпкерлерді Qamshy.kz журналисі сөзге тартты. Аталмыш ойыншықты жасап, сатылымға шығарған - Салтанат Мінайхан, Досан Қаумен, Талғат Сақанов, Исмайл Құлан есімді кәсіпкерлер.

Ұлттық нақыштағы спиннерлерді жасап шығарудағы басты мақсаттарыңыз қандай? Коммерциялық жағына баса назар аударылды ма, әлде ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға ма?

Салтанат Мінайхан: Аталған спиннеррді жасап шығарудағы басты мақсат - қазақтың ұлттық нақышы қошқар мүйіз оюын және ел тарихында тұңғыш рет өткізілгелі жатқан ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесінің логотипін әлемде тренд болып жатқан спиннерлер арқылы шетелдік қонақтарға, отандастарымызға насихаттау. Спиннерлер қолданысқа еніп жатқан кезде ұлттың дүниетаным мен  мәдениетінің бір бөлшегін насихаттауға таптырмас мүмкіндік екенін бірден түсіндік. Спиннердің не екенін қай ұлттың азаматы болсын бірден біліп жатады. Сол себепті спиннер атауын өзгертпей жанына ұлтымыздың атын қосып «Қазақ спиннер» деген атау бердік. ЭКСПО-ға келетін 5 млн. қонақтың қолында ұлттық құндылығымыздың бір белгісі жүрсе, біз үшін ол үлкен жетістік. Бірінші кезекте коммерциялық жағын емес, ұлттық құндылығымызды насихаттауды басты назарға қойдық. Сонымен қотар, шетелде оқып жатқан қандастарымыз бір ұлттың мәдениетін құрметтей алатын өзге ұлттың өкілдеріне кәде сый ретінде апаруға таптырмас дүние деп санаймын.

Талғат Сақанов : Бастапқыда «қазақ спиннер» шетелдіктерге, ЭКСПО-ға келетін қонақтарға арналған. Шетелдіктерге еліміздің тарихын танытатын үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз бірігіп бір шаңырақ астында Қазақ елі бейбіт күнді кешіп жатқанын көрсету болды. Спиннерді қолына алған адам ең алдымен жазылған жазуға мән беретіні сөзсіз. Ұлттың тарихынан хабардар ететін үш жүздің атын оқып, жүздің, шаңырақтың не екенін ғаламтордан іздеп көреді деген ойдамыз. Үлгісі «Қазақ елі бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр» деген мағынада жасалған.

Тағы бір айта кетсем, біраз уақыт бұрын Қазақстанда тұрып жатқанына 15 жыл болған америкалық азамат өзінің қызығушылығын білдіріп, спиннерге тапсырыс берді. Мұның өзі үлкен жетістік.  Спиннердің бағасы  - 6000 теңге. Оның қымбат болуының өз себебі де бар. Қандай да бір істі бастаған кезде шығын міндетті түрде болады. Сол шығынды өтеу үшін дәл қазір осындай баға қойылып отыр. Алайда спиннер өз бағасына тұрарлық деген ойдамыз.

-Ал сатылым жағы қалай болып жатыр?

Талғат Сақанов: Кез келген жаңа зат жасалып шығарылған кезде міндетті түрде екі пікір айтылады: «жақсы-жаман, қымбат-арзан» деген. Кейбіреулер қымбатсынып жатыр.  Басты мақсат - ЭКСПО-ға келген шетелдіктерге ұлттық құндылығымыздың бір бөлшегін көрсету, таныстыру. Сондықтан алдағы уақытта асығымыз алшысынан түсіп, ісіміз өрге басады деген үміттеміз.

-ЭКСПО халықаралық мамандырылған көрмесіне жөнелтілді ме? Астанада сатылым жағы қалай болып жатыр?

Талғат Сақанов: Бастапқыда тауардың сапасын тексеріп көру үшін 70 дана әкелінді. Қызығушылық танытып жатқандардың қарасы күн санап көбейіп келеді. Астанаға жөнелту үшін тауардың екінші бөлігін күтіп отырмыз. Ол жеткізіле салысымен, Астанаға жөнелтіледі.

-Ал «Қазақ спиннер» қай жақта өндіріліп жатыр?

Талғат Сақанов : Елімізде аталған спиннерді өндірудің жолын іздестіріп көрдік. Өкінішіке орай елімізде спиннерді өндіретін  зауыттар табылмады. Сол себепті Қытайда өндіруге шешім қабылдадық, Ал сапасы жағын өзіміз қадағалап отырмыз. Тауар келген сәтте өзіміз патенттеп, халыққа ұсынамыз.

-Халықтың «Қазақ спиннерге» деген қызығушылығы қандай дәрежеде? Ата-аналар арзан бағадағы спиннерді сатып алғанды жөн санайды ма?

Талғат Сақанов : Аталған спиннер тек балаларға арналмаған, үлкен жастағы кісілер де үлкен қызығушылық танытып отыр. Инстаграмнан көрген аға буындар хабарласып, өз ілтипаттарын білдіруде.  Шымкент, Ақтау, Қарағанды облыстарынан келіп «қазақ спиннердің» бірінші бөлігін алып кетті.

-Қазақы үлгідегі ойыншықтар қазақ баласының санасына, ұлттық тәрбиеге өз әсерін тигізеді ме?

Досан Қаумен, идея авторы:  Бірінші спиннердің үлгісіне тоқталсам. Бұл «қазақ спиннердің» үлгісін өзге ұлттың адамы емес өзіміздің ата-бабамыз жасап кеткен. Сан ғасырды артта қалдырып өзінің құндылығын, қасиетін жоймаған қазақтың қошқар мүйіз оюы әлемде тренд болып жатқан дүниемен бірігіп неге халыққа, әлем халықтарына ұсынбасқа?! Алтын түстес болуының өзі молшылық пен байлықтың белгісі. Ұсақ нәрсемен де ұлы дүниелерді жасауға болады. Біз соны көрсеткіміз келді. Кішкентай затқа қазақтың бүкіл тарихы сыйып кеткендей болды десем артық айтқандық емес. Шаңырақ пен үш жүздің аты жазылған спиннерді айналдырсаңыз ортасындағы шаңырақ қозғалмайды , ал жан-жағындағы үш жүз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қозғалысқа түседі. Мұның өзінде үлкен бір мән жатыр. Шаңырағымыз шайқалмай, мәңгілік елдің тұрғындары бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр дегенді көрсетеді. Сонымен қатар, kazakhspinner.com сайтында қошқар мүйіздің не екенін, шаңыратың не екенін, үш жүздің тарихын үш тілде жазып жүктеп қойдық. Ал ЭКСПО көрмесіне келер болсақ, қазақ тарихында алғаш болып жатқан көрме. Қаншама шетелдіктерді елімізге қызығушылық танытып, келіп жатыр. Мәдениетті бағалай білетін қонақтардың аталған спиннерге деген қызығушылық танытатыны сөзсіз.

Шетелден белгілі бір тренд келді. Оны елімізде сол күйінде таратқаннан гөрі, намысымызды қамшылап, өзіміздің ұлттық құндылығымызды қосып, халыққа ұсынсақ деген ойдан туған дүние. Мұқағали Мақатаевтың «Күпі киген қазақтың қара өлеңін , Шекпен жауып өзіңе қайтарамын» деген өлең жолдары осы тұста дәлме-дәл айтылғандай.

-Спиннерді жасау барысында қандай қиындықтар кездесті?

Салтанат Мінайхан: Әрбір істі бастаған кезде қиындықтар міндетті түрде кездеседі. Бізде де солай. Барлығы бірден бола кетті деп айта алмаймын. Жоғарыда аталып өткендей Қазақстанда аталған спиннерді жасай алатын өндіріс орны табылмады. Қытайдың 100 шақты зауытының ішінде қазақтың қошқар мүйізін ойып, қалыбын келтіретін орталықты табудың өзі оңай болмады. Біраз өндіріс орындары қалыбын дұрыс келтіре алмағандықтан бас тартты. Ең соңында осы іспен айналысамын деп қолға алған 1 ғана зауыт қалды.

Кәсіпкерлікпен айналысып жүргендеріңізге қанша уақыт болды?

Исмайл Құлан, ІТ маман: Талғат ағамыздың  түрлі кәсіппен айналысып келе жатқанына он шақты жылдың жүзі болды. Салтанат ағамыз да бірнеше жылдан бері кәсіпкерлкпен  айналысуда. Ал жоба авторы Досан Қаумен ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын бірнеше жобалардың авторы. Мемлекеттік қызметтен жеке кәсіпкерлікке көшіп, ұлт жолында қызмет етемін деп отыр ағамыз. Ал жеке өзім жайлы айтар болсам бұл салаға келеніме бір жылдың көлемі болды. Осы уақытқа дейін ІТ саласында түрлі сайт жасау , үлгілер жасаумен айналыстым.

Болашаққа жоспарларыңыз қандай?

Исмайл Құлан, ІТ маман : «Қазақ спиннер» біздің бірлесіп жасап жатқан алғашқы жобамыз. Барлық сұрақтардың жауабын бірлесіп шешіп отырамыз. Келешекте біздің қатарымызға қосылып, дәстүрді дәріптейтін бағалы дүниелерді жасаймын деушілер болса, құшағымыз әрдайым ашық. Алдағы уақытта аталған спиннерден де басқа жобаларды іске асырамыз деген ойдамыз.

Ал алдағы жобаларыңызда қазақы құндылықтарымыз қаншалықты сақталмақ?

Жоспар бойынша алдағы жобаларымызда да ұлттық нақыштарымыз насихатталады. Айта өтсем, Әлихан Бөкейханның атымен ұлттық нақыштағы ерлер  көйлегін шығаруда қолға алып жатырмыз.

«Ал өнімнің қауіпсіздігіне келер болсақ, қошқар мүйіз оюы да, ЭКСПО логатипі де үшкір емес доғал етіп жасалған. Қолды жарақаттап алудан сақтайды» дейді өндірушілер.

Айта кетсек, 1990 жылды бұл ойыншық Америкада пайда болған. Бастапқыда спиннер  аутизммен ауыратын балаларға арналып жасалған. Тоқтамай айналып тұратын ойыншық оларды емдеудің бір жолы болса керек. Дегенмен спиннерлер  ол кезде өтімді болмаған. Былтырғы жылы қайта сатылымға шығып, әлемдік трендке айналды. Бір қызығы мамыр айынан бері «спиннер» сөзін ғаламтордан іздеу рекорд қойған екен.

Әлемдік трендке қазақтың оюы қосылып, сатылымға шыққаны қуантады. Алдағы жоспарларымен бөлісіп, аталған кәсіпті енді бастап жатқан кәсіпкерлердің істеріне сәттілік тілейміз!

Сұхбаттасқан: Айгерім ТАУБАЙ

 

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 4 ай бұрын

    Қазақи бренд қалыптастыру жалпы дұрыс бастама!

  • 2 ай бұрын

    Оданда асықты бас бармақ пен сұқ саусақ арқылы қысып ортанғы саусақпен комектесу арқылы шыр аиландыруды көрсетиңиздер,Спинер деген сол.мектепте дене тәрбиесне еншизиңздер асық оинауды..

1
ШҚМУ ғалымдары Шығыс Қазақстан географиясының оқулығын шығарды
23/11 16:50 0 1227
2
Суреттен не көрдіңіз? Өзіңіз туралы қызықты мәліметті біліңіз
23/11 16:09 0 78
3
Украина депутаты Саакашвилиді тікелей эфирде соққыға жықпақ болды (видео)
23/11 16:07 0 256
Мьянма билігі өз қылмысын жасыру үшін Еуро Одақтың ұсынысынан бас тартты
23/11 16:01 0 153
Сағынтаев зейнетақы қорын жеке компаниялар басшылығына беру мерзімін атады
23/11 15:33 0 98

Таныстырылғандар

«Су астындағы қызыл бұқа...»
«Су астындағы қызыл бұқа...»
«Су астындағы қызыл бұқа...»
Көз алдыңда Еркін, әкесінің қатыгездеу тағдырының тарғыл жолына түсіп алып, тарымстана ержетіп келеді
14/11/2017 18:15 1 1854
Құран немесе Конституция: Орта Азияның саяси өміріндегі исламның рөлі
Құран немесе Конституция: Орта Азияның саяси өміріндегі исламның рөлі
Құран немесе Конституция: Орта Азияның саяси өміріндегі исламның рөлі
Соңғы 25 жылда Орта Азияда мұсылмандарға және саяси исламға деген көзқарас қалай өзгерді?
15/11/2017 14:52 0 1058
Атырау тұрғыны алып қашқан ақтөбелік қыздың қалай өлгені белгілі болды
Атырау тұрғыны алып қашқан ақтөбелік қыздың қалай өлгені белгілі болды
Атырау тұрғыны алып қашқан ақтөбелік қыздың қалай өлгені белгілі болды
Атыраулық жігіт алып қашқан ақтөбелік қыздың өлімі жөнінде туысқандары айтып берді. 19 жастағы Данара Каипова өз-өзіне қол жұмсаған.
15/11/2017 17:07 9 10319
Жексенбі, 19 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Жексенбі, 19 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Жексенбі, 19 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
19/11/2017 11:01 0 609
Үндістандық  сұлу «Әлем аруы-2017» атағына ие болды (видео)
Үндістандық сұлу «Әлем аруы-2017» атағына ие болды (видео)
Үндістандық сұлу «Әлем аруы-2017» атағына ие болды (видео)
Үндістандық ару жеңіске жетті
19/11/2017 11:28 0 1034
Астронавт ғарыштан метеориттің  Жерге құлаған сәтін түсіріп алған (видео)
Астронавт ғарыштан метеориттің Жерге құлаған сәтін түсіріп алған (видео)
Астронавт ғарыштан метеориттің Жерге құлаған сәтін түсіріп алған (видео)
Ғарыш станциясында жүрген итальяндық Паоло Несполи есімді астронавт метеориттің атмосфераға кірген сәтін видеоға түсіріп алған.
19/11/2017 12:58 0 1811
Ол өз-өзін өлтіргісі  келетіндерге көмектесем деп уәде еткен...
Ол өз-өзін өлтіргісі келетіндерге көмектесем деп уәде еткен...
Ол өз-өзін өлтіргісі келетіндерге көмектесем деп уәде еткен...
Суицид жасамақшы болғандарға көмектесем деген. Үйіне шақырып, бастарын шапқан...
19/11/2017 16:02 1 2506
Қағынған жатырдан құтырған ұл туады
Қағынған жатырдан құтырған ұл туады
Қағынған жатырдан құтырған ұл туады
Әттең, бүгінгі егілген бір тал дәннің, ертеңгі қара орман екендігін сезіне алсақ, ұмытуға болмайтын заң-закон қаншама?..
20/11/2017 11:10 1 3536
Төрт банктің клиенттері күніне  500 000 теңгеге дейін ақша ала алады
Төрт банктің клиенттері күніне 500 000 теңгеге дейін ақша ала алады
Төрт банктің клиенттері күніне 500 000 теңгеге дейін ақша ала алады
Төрт банктің клиенттері келісімге қатысушы өзге банктің банкоматынан 200 мың теңгеге дейін және бір тәулікте 500 мың теңгеге дейін ала алады
20/11/2017 12:12 0 1244
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Алдағы үш тәулікте, антициклонның әсерінен, республиканың көптеген өңірлерінде жаңбыр жаумайды
20/11/2017 12:34 0 807
Биыл Алаш автономиялық Парламенттік республикасының құрылғанына – 100 жыл!
Биыл Алаш автономиялық Парламенттік республикасының құрылғанына – 100 жыл!
Биыл Алаш автономиялық Парламенттік республикасының құрылғанына – 100 жыл!
Алаш Республикасы - президент басқаратын және жергілікті өзін өзі басқару жүйесі (земствосы) дамыған парламенттік унитарлық (біртұтас) зайырлы мемлекет болды
20/11/2017 16:25 0 684
Оралхан Дәуіт «түгендеуші ме», әлде қара күйе жағудың «шебері ме?»
Оралхан Дәуіт «түгендеуші ме», әлде қара күйе жағудың «шебері ме?»
Оралхан Дәуіт «түгендеуші ме», әлде қара күйе жағудың «шебері ме?»
Оралхан Дәуіт «түгендеуші ме,әлде…»?!
22/11/2017 11:05 0 446
Көкшетауда 74 жастағы қария кір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды
Көкшетауда 74 жастағы қария кір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды
Көкшетауда 74 жастағы қария кір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды
Көкшетаулық 74 жастағы қария Борис Нұғыманов кір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды.
22/11/2017 18:36 0 173
ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы тағайындалды
ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы тағайындалды
ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы тағайындалды
Нұрбек Оршыбеков 1979 жылы Өзбекстанда Шыршық қаласында  дүниеге келген.
22/11/2017 19:56 0 216
Ақмолада 20 жастағы қызды 100 мың теңгеге сатпақ болған күдікті ұсталды
Ақмолада 20 жастағы қызды 100 мың теңгеге сатпақ болған күдікті ұсталды
Ақмолада 20 жастағы қызды 100 мың теңгеге сатпақ болған күдікті ұсталды
Ақмола облысында 100 мың теңгеге 20 жастағы қызды сатпақ болған күдікті ұсталды...
23/11/2017 13:01 0 273