• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:27:08
Алматы
+35°

20 Қаңтар, 2018 NEWS

«ЕуроХим-Қаратау» фосфорит ұнтағының алғашқы бір миллион тоннасын өндірді

««ЕуроХим-Қаратау» ЖШС кәсіпорны фосфорит ұнтағын өндіруге арналған жоба іске қосылғалы бері фосфорит ұнтағының алғашқы бір миллион тоннасын өндірді.

«ЕуроХим МХК» АҚ құрамына кіретін Қазақстандағы «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС кәсіпорны фосфорит ұнтағын өндіруге арналған жоба іске қосылғалы бері фосфорит ұнтағының алғашқы бір миллион тоннасын өндіріп, тиеп жөнелтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Біздің жобаның бірінші кезеңі табысты аяқталып, фосфорит ұнтағын өндіру және бастапқы қайта өңдеу жөніндегі жобалық қуаттылықтарға шықтық. Химиялық кешенді салуға арналған инвестициялық жобаның екінші кезеңі жоспарланған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылып жатыр», - дейді «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС бас директоры Дмитрий Владимирович Валышев. Оның айтуынша, қазіргі таңда қолданыстық жобалау жұмыстары атқарылып (жұмыстың 50%-ы орындалған), Химиялық кешен салынатын алаңды дайындау мақсатында жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ, жабдық жеткізушілерді таңдау мақсатында тендерлік іс-шаралар ұйымдастырылып, жабдықты жеткізу жөнінде шарт жасасу бағытында жұмыс жасалып жатыр. Қазіргі таңда жобаның екінші кезеңін жүзеге асыруға 130 млн. АҚШ долларға тең инвестиция құйылған.

Осыған дейін хабарланғандай, «ЕуроХим» компаниясы «Минералды тыңайтқыштарды шығаратын зауытты салу және Қазақстан Республикасындағы Қаратау фосфорит алабының кенорындарын игеру» бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Құрылыстың бірінші кезеңі 2015 жылдың соңында аяқтап бітірілді, ал 2016 жылы Қазақстандағы ЕуроХим кәсіпорындары жылына 640 мың тонна фосфорит ұнтағын өндіретін жобалық қуаттылығына шықты.

еврохим

Жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру кезінде 126 млн. АҚШ долларына тең инвестиция құйылды. Жаңатас қаласындағы химиялық кешенге құйылған инвестициялардың жалпы көлемі 750 млн. АҚШ долларын құрады деп бағаланған. Сондай-ақ, «ЕуроХим» компаниясы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына инвестиция құюды жалғастырып, бүгінгі күні осы мақсатқа 21 млн. АҚШ долларын бағыттаған.

«ЕуроХим-Қаратау» ЖШС 2018 жылдың 18 қаңтарында қайта тіркеуден өтіп, енді ресейлік «ЕуроХим МХК» АҚ компаниясының Қазақстандағы еншілес кәсіпорны болып табылады.

Компания туралы анықтама

EuroChem Group AG - негізінен азоттық және фосфорлық тыңайтқыштарды, сондай-ақ, органикалық жолмен синтезделген өнімдерді және темір кенін өндіретін әлемдегі жетекші агрохимиялық компания. Топ құрылымы тігінен ықпалдастырылған және оның қызмет шеңберіне пайдалы қазбалар мен көмірсутекті өндіруден бастап, тыңайтқышарды өндіру, логистикасы және дистрибуциясына дейінгі қызмет түрлері кіреді.

ЕуроХим компаниясы 2008 жылы «Сары-Тас» АҚ мемлекеттік акциялар қоржынын сатып алған уақыттан бері Қазақстанда қызметін жүргізіп келеді. Сол кезеңде зауыттың іссіз тоқтап тұрғанына 15 жыл болған-тын. Компания барлық берешектерді, салықтар мен зейнеткерлік аударымдарды төлеп, жұмысшылар өз еңбекақыларына қол жеткізді. 2009 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласында «ЕуроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС жұмысын бастады, ал 2013 жылы «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС пайда болды. Толығырақ ақпаратты Топтың сайтынан таба аласыз: www.eurochemgroup.com

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір