• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:57:05
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2018 NEWS

Есіктегі атыста полиция көз жұмды

Есік қаласында атыс болып, полиция қызметкері көз жұмды.

Алматы облысындағы Есік қаласында болған атыс салдарынан екі адам жарақат алды. Олардың бірі ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кей мәліметтер бойынша, марқұм ІІАБ қызметкері болған. 

Жергілікті тұрғындардың мәлімдеуінше, оқиға мамырдың сегізіне қараған түні болған.  Еңбекшіқазақ ауданының ауруханасындағы дәрігерлер 8 мамырда сағат 03:00-де оқ жарақатын алған екі ер адам түскенін айтады. Олардың бірі 31 жастағы полицей 11 мамырда көз жұмды. Оқ тигеннен бөлек, ол көптеген өзге жарақаттар алған. 

Екінші адамның жағдайы - тұрақты. Тиген оқ аяғын сындырған. Дәрігерлердің сөзінше, 1986 жылғы ер адам еш жерде жұмыс істемейді.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір