• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:41:58
Алматы
+35°

25 Маусым, 2018 Әлем

Ердоған президент сайлауында жеңіске жетті

Түркияның бір палаталы парламентінде 600 орын бар.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған кезекті президенттік сайлауда алғашқы турда жеңіске жетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бюллетеньдердің 96 пайызы саналғандағы ресми нәтиже бойынша, Ердоған 52 пайыз дауыс жинаған. 

Парламент сайлауында да Ердоғанның "Әділет және даму" партиясы (AKP) 42,49 пайыз дауыс жинап, парламенттегі 293 орынды иеленді.

Ұлттық қозғалыс партиясы (MHP) 11,19 пайыз дауыс жинап, 49 орынды иеленді. Жалпы есепте "Ұлттық альянс" партясы 342 орынға ие болды.

Республикалық халықтық партиясы (CHP) 22,7 пайыз жинап, 146 орынға ие болды. 1,4 пайыз дауыс жинаған "Фелисити" партиясы (SP) бір де бір орынға ілікпеді.

Осылайша, "Ұлт" альянсы парламенттегі 192 орынға табан тіреді.
Күрдшіл Халықтық демократиялық партия (HDP) 11,2 пайыз дауыс жинап, парламенттен 66 орын тиді.

Түркияның бір палаталы парламентінде 600 орын бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір