• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:22:14
Алматы
+35°

09 Мамыр, 2018 NEWS

Елордада "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Бүгін Жеңістің 73 жылдығын атап өту рәсімі аясында Астана қаласындағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Бүгін Жеңістің 73 жылдығын атап өту рәсімі аясында Астана қаласындағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Салтанатты шараға Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев, Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев және Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері қатысты.

«Менің әкем II Беларусь фронтында соғысты. Оны 1942 жылдың қаңтар айынша әскерге шақырған. 1944 жылы Полша жерінде жарақат алған. Менің көкем – Қасым Болтаев, Тверь облысының Ржев ауданы Трубино ауылында жатыр, Ржев үшін болған шайқаста қаза тапқан», - деді Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Астана

Соғыс ардагерлері, қала тұрғындары мен қонақтары сұрапыл соғыста қайтыс болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды.

«Менің ойымша Қазақстаннан бұл соғысқа қатыспаған отбасы жоқ шығар. Бұл мереке біздің ел үшін өте зор мәнге ие. Бұл күн біздің аталарымыздың ерлік көрсетіп, жеңіске жеткен күні», - деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

Монумент алаңында әскери палаткалардан қалашық құрылып, ардегерлер мен тыл еңбеккерлеріне арналып мерекелік дастархан жайылды.

«Біз Кенигсбергке жеткенде Жеңіске жеттік деген хабар жетті. Халқымыз бар қиындыққа қарамастан жеңіске жетті. Біз өзімізге жүктелген міндетті абыроймен атқардық, енді сіздердің міндет еліміздің көркеюіне еңбек етіп, достығымызды жалғастыра беріңіздер. Халқымыздың достығы мәңгі болсын», - деді Мәскеуден келген ардагер Петр Соломатин.

Астана

«Отан қорғаушылар» монументінің жанындағы «Парус» сахнасында Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының және М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртістері өнер көрсетті.

Мерекелік концерттік бағдарламалар «Студенттер саябағында» жалғасады, онда елорданың жетекші шығармашылық ұжымдары әскери әндер шырқайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір