• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:02:02
Алматы
+35°

07 Шілде, 2018 NEWS

Елорда тыныштығын күзететін сарбаздар саны толықты

Бас қала іргесіндегі әскери қалашық аумағында жас Отан қорғаушылар елі мен халқына адал қызмет етуге серт бермек

Елорда тыныштығын күзететін сарбаздар саны толықты. Ұлттық ұланның астаналық құрамасында еліміздің 14 облысынан шақырылған 800-ге жуық жауынгер ант қабылдайды. Бас қала іргесіндегі әскери қалашық аумағында жас Отан қорғаушылар елі мен халқына адал қызмет етуге серт бермек.

Қырық күн бұрын 5573 әскери бөлімінің табалдырығын аттаған бұл сарбаздар арнайы дайындықтан өтіп, саптық жүріс пен әскер ісінің қыр-сырын меңгеріп жатыр. Енді сәл күнде қаламыздың қоғамдық тәртібін, қала тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын күзететін болады. Сондай-ақ, бас қаламызда өтетін барлық мәдени-көпшілік, саяси-қоғамдық, спорттық шаралар мен ресми басқослар кезінде де қауіпсіздікті қамтамасыз ету – осы ұландардың еншісінде. Елорда ұландары шетелдік делегацияларды қарсы алуға, табиғи апаттар мен төтенше жағдайларда халыққа көмек көрсетуге, дағдарысты кикілжіңдерде елді тыныштандыруға жұмылдырылады.

Осындай жауапты міндет атқаратын болғандықтан жедел құрамаға жаңадан қосылған жауынгерлер аға буын сарбаздар секілді арнайы жаттығулар мен дайындықтардан, нұсқаулықтардан өткізілді.

Салтанатты Ант қабылдау шарасына Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы, мемлекеттік ведомстволар мен күш құрылымдарының басшылықтары, Астана қаласы әкімшілігінің жетекшілері, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы мен дін өкілдері, ардагерлер мен оқушылар қауымы және сарбаздардың туған-туыстары қатысатын болады. Әскери бөлімнің алып алаңына бір мезгілде 5мыңнан аса адам жиналып, жас жауынгерлердің Отан қорғаушылар қатарына қосылуына куә боп, салтанатты шеруін тамашалайтын болады. Сондай-ақ, қонақтар «Ашық есік күні» аясында әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен, сарбаздардың тұрмысымен, әскери техника және қару-жарақ көрмесімен, Ұлттық ұлан Орталық музейінің мол мұрасымен кеңінен таныса алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір