• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:06:04
Алматы
+35°

10 Ақпан, 2018 NEWS

Елімізде жаңа телеарна ашылады

Қандай бағыттағы телеарна болатыны да айтылды

2018 жылғы сәуір айынан бастап елімізде экология тақырыбына арналған телеарна жұмыс істейтін болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақпарат мәліметіне сүйеніп. 

Бұл туралы «Жаңартылған энергия көздері туралы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің концептуальдық негіздерін талқылау» атты республикалық ғылыми конференцияда «Байтақ Болашақ» РҚБ президенті Азаматхан Әміртай мәлім етті.

«Біз экология тақырыбында телеарна ашуды жөн көрдік. Телеарнаның негізгі контенті жастарға бағытталады. Неліктен жастарға екенін де айта кетейін. Жастар мен жасөспірімдер экология тақырыбымен жиі айналысады әрі белсенді болып келеді. Оларды осы мақсатқа тереңірек баулысақ жақсы нәтиже береді деп ойлаймыз», - деді А.Әміртай.

Экологиялық альянс президентінің айтуынша, телеарна ашуға қазіргі уақытта барлық жағдай жасалған.

«Телеарна ашу үшін тиісті жиілікті сатып алдық. Техникалық дайындықтары жүріп жатыр. Алдағы сәуір айында отандастарымыз жаңа телеарнаны тамашалайтын болады», - деді ол.

Сонымен қатар, аталған жиын кезінде есеп берген Азаматхан Әміртай экологиялық альянстың «Таза ел» атты газеті де жарыққа шыққанын атап өтті.

«Телеарна ашардан бұрын газет ашып та көрдік. Жақсы сұранысқа ие болып отыр. Қоғамды экология мәселесі бейжай қалдырмайтыны қуантады», - деп сөзін түйіндеді ұйым басшысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір