• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:21:57
Алматы
+35°

13 Желтоқсан, 2017 NEWS

Елбасыға Мойынқұмдағы гранит өндіретін «Оргстрой» компаниясы таныстырылды

Жыл санап мемлекет қолдауының арқасында еліміздің өндірісі өркендеп, экономиканың қуаттылығы арта түсуде

Жыл санап мемлекет қолдауының арқасында еліміздің өндірісі өркендеп, экономиканың қуаттылығы арта түсуде. Күні кеше индустрияландыру күніне арналған жалпыұлттық телекөпірде әлеуметтің әлеуетін көтеруге күш салатын тағы  жүзге жуық кәсіпорындар мен өнеркәсіп орындары   Елбасына таныстырылды. Оның ішінде біздің өңір екі бірдей инвестициялық жобаны ел назарына ұсынды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі taraztv.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Елбасына таныстырылған Жамбыл өңіріндегі ірі кәсіпорынның бірі Мойынқұмдағы гранит өндіретін «Оргстрой» компаниясы. Жапан түзге жан бітірген кәсіпкердің бастамасымен іске қосылған зауыт жылына 800 мың шаршы метр гранит  тақтасын өндіруге қауқарлы. Өндіріс орнының аяққа тұрып, ары қарай дамуына әлбетте мемлекеттің  қолдауы серпін берді. Жаңа зауыттың жұмысын Елбасына кәсіпорын директоры Қали Ғылымхан таныстырды.

Қуатты кәсіпорын мұнымен тоқтап қалмақ емес. Өндіріс көлемін арттырып,  одан ары өрлеуді көздейді. Бұйырса, алдағы жылы тағы 150 жаңа жұмыс орны ашылмақ мұнда. Демек, аймақта 150 адамға жұмыссыздар саны кемиді деген сөз. Киелі өлке қойнауы қазынаға бай. Оны неге ел игілігіне жаратпасқа, дейді кәсіпкер.

"Халқыма, еліме, Отаныма, тәуелсіз, еңбек етсем деп армандаймын. Еңбек етуге нәсіп етсе деп тілеймін, қазақ халқына, жалпы барлық жұмысшыларыма жақсы жұмыс берсем деймін", - деп мәлімдеді «Оргстрой» компаниясының директоры Қали Ғылымхан.

Аталмыш компанияның жұмыскері Ержан Сүйінбаев: "Қазақстанымыз әйгілі болып, осындай тасымыз, осындай байлығымыз бар дегенге мақтан етем. Бүгінгі телекөпіріміз әсерлі болды, Елбасының мақтанышын алып, соған қуанып тұрмын", - деп айтып өтті.

Елбасына жалпыұлттық телекөпір арқылы таныстырлған екінші нысан да нақ осы Мойынқұм ауданына тиесілі. Кәсіпорын Президенттің  қазіргі кезде  ерекше екпін беріп отырған цифрлық басқару жүйесін тау-кен өндірісіне алғашқылардың бірі болып енгізген өндіріс ошағы.

Айта кетейік, «Жамбыл» жылжымалы телестудиясы осымен он бесінші рет республика көлемінде  тікелей байланысқа шығып, Елбасымен болған телекөпір бойынша сапалы хабар таратып отыр. Бұл ретте ауқымды жобаларды Елбасына таныстыруда тынымсыз еңбек етіп, ел алдына шығуына өз үлесін қосқан «Жамбыл» телеарнасының ұжымына аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев өз алғысын білдірді.

Еліміздің индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысында жалпы инвестициялар көлемі 159 млрд тг болатын, 53 кәсіпорын іске қосылса, 6 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылған. Өңірге инвестициялар тарту маңызды басымдықтардың бірі болып қала бермек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір