• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:40:36
Алматы
+35°

02 Шілде, 2018 Саясат

Елбасы зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясын аралады

Қазақстан Президенті экспозиция аумағында Қызылорда облысының жұртшылық өкілдерімен әңгімелесті.

Мемлекет басшысы «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Қызылорда облысы салған зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясын аралап көрді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Қазақстан Президенті экспозиция аумағында Қызылорда облысының жұртшылық өкілдерімен әңгімелесті.

Елбасыға ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің мүмкіндіктері таныстырылды.

Ақорда

Мемлекет басшысы ғылым мен жаңа технологияларды дамыту ісіндегі ғарыш өнеркәсібінің маңыздылығын атап өтті.

– Менің тапсырмам бойынша француз тарапымен бірлесіп, жасанды жер серігін құрастыратын зауытты іске қостық. Жуырда өзіміздің жер серіктерімізді құрастыруға кірісеміз. Бізде зымыран ұшыратын құрылғы бар,  2022 жылға қарай «Зенит» зымыраны дайын болады. Осылайша, ғарыш өнеркәсібіміз жаңа технологиялық деңгейге көтеріліп, Қазақстан толыққанды ғарыш державасына айналатын болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

***

Музей «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық ғарыш орталығының аумағында орналасқан. Астананың 20 жылдығына сыйға тартылған зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясында «Союз», «Протон», «Зенит» зымыран тасығыштарының, сондай-ақ «Боран» орбита кемесінің үлгілері қойылған.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір