• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:46:56
Алматы
+35°

14 Маусым, 2018 Әлеумет

Елбасы Ұлттық домбыра күнін бекітті

Президент қаулысына сәйкес әр шілденің алғашқы жексенбісі домбыра күні болып бектілді.

Қазақстанда Ұлттық домбыра күні пайда болды. Президент қаулысына сәйкес әр шілденің алғашқы жексенбісі домбыра күні болып бекітілді. Биыл ол күн 1 шілдеге түсіп тұр. Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысы Ақорданың бапасөз қызметінде жарияланды. 
 
Ұлттық домбыра күні туралы

Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4.  Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

            Президенті                                                               Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 12 маусым

             № 699     

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір