• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:34:36
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2018 NEWS

Елбасы Тәжікстан президентіне «Парасат» орденін табыстады

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен елімізге Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келген болатын.

Елбасы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға «Парасат» орденін табыстады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен елімізге Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келген болатын. 

Бүгінгі ресми кездесу кезінде Елбасы мен Тәжікстан президенті бірқатар мәселелерді талқылады. 

Естеріңізге сала кетсек, 15 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон Орталық Азия елдері басшыларының Астанада өтетін жиынына қатысады.

Э.Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға шақырғаны үшін және жоғары марапат табыс еткені үшін алғыс білдірді.

– Қазақстанға келген әр сапарымда Астананың келбеті жылдам өзгеріп келе жатқанын байқаймын. Бұл жетістік, ең алдымен, Сіздің дана әрі көреген саясатыңыздың жемісі болып саналады, – деді Тәжікстан Республикасының президенті.

Э.Рахмон екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, оны әрі қарай ілгерілете түсуге ниетті екенін атап өтті.

– Тауар айналымының көлемі жөнінен Қазақстан Тәжікстанның жетекші экономикалық әріптестері арасында екінші орынға ие. Біз елдеріміздің кешенді әрі стратегиялық қарым-қатынастарын нығайтуға ниеттіміз, – деді Тәжікстан Республикасының президенті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір